Шикізат емес экспорт: Қарағанды облысы көш бастады | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

Шикізат емес экспорт: Қарағанды облысы көш бастады

Биылғы сегіз ай қорытындысы бойынша Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі (ЭКА) қолдауына ие болған отандық кәсіпорындар өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда экспорт көлемін төрт есеге ұлғайтты. 2024 жылдың 1 кыркүйектегі есебі бойынша Агенттік жауапкершілігіне алған келісімшарттар құны – 171,8 миллиард теңге.

Экспорттаушы өңірлер арасында Қарағанды облысы көш бастап, ел бойынша жіктелген жалпы көлемнің 37,8 пайызын қамтып отыр. Қарағандылық кәсіпорындар 64,9 миллиард теңге болатын экспорттық келісімшарт жасасқан.

Одан кейінгі орынға Қостанай облысы (25,8 миллиард теңге) жайғасса, үштікті Алматы облысы (21,3 миллиард теңге) қорытындылады. Тізім соңында – Жамбыл (84,1 миллион теңге), Маңғыстау (119,4 миллион теңге) облыстары.    

Импорттаушылар сұранысындағы негізгі тауарлар қатарына сусындар, кондитерлік өнімдер, күнбағыс майы, жүгері крахмалы, шойын мен болаттан жасалатын бұйымдар және құрылыс материалдары кірді.

Экспортталған өнімдердің басым бөлігі – металлургия (43,4%), тамақ өнеркәсібі (39,1%), машина жасау (10,5%), агроөнеркәсіптік кешен өнімдері (4,9%), құрылыс материалдары (1,5%), шыны өнеркәсібі (0,3%)

Отандық тауарлар Өзбекстан, Ресей, Сингапур, Тәжікстан, Қырғызстан, Польша, Әзербайжан, Моңғолия, Литва, Беларусь, Түркия, Қытай және т.б. елдерге экспортталып жатыр.  

chat Кеңес ал!