Жалғыз акционер | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Жалғыз акционер

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ болып табылады.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ, «Бәйтерек» Холдингі, Холдинг) – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына жауап беретін және экономиканы әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты.

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ миссиясы

Қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарында қазақстандық тауарлар мен қызметтерді өндіруді қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты өсуіне ықпал ету.

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ пайымы

Жаңа салалық «өсу нүктелерін» дамыту арқылы Қазақстан экономикасының құрылымын өзгертетін проактивті инвестициялық холдинг.

«Бәйтерек» ҰИХ» АҚ өзінің миссиясын іске асыру шеңберінде шешетін негізгі міндеттер:

  • Экономиканың шикізаттық емес секторларын дамыту;

  • Кәсіпкерлікті дамыту;

  • Өңдеу өнеркәсібін дамыту;

  • Шикізаттық емес өнім экспортын қолдау;

  • Еңбек өнімділігін арттыру;

  • Бәсекеге қабілетті АӨК (агроөнеркәсіптік кешенді) дамыту;

  • Экономиканың инвестициялық тартымдылығын арттыру;

  • Халықтың әл-ауқатын жақсарту.

Алғашқы алты міндет «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның микро, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды, өнеркәсіпті дамытуды және өңірлік дамуды қамтитын «Кәсіпкерлікті қолдау» стратегиялық бағыты бойынша негізгі қызметін жүзеге асыру арқылы шешіледі.

Экономиканың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жетінші міндет тнк Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар макроөңірде де үлестік қаржыландыру экожүйесін дамытудың стратегиялық бағыты шеңберінде шешіледі.

Халықтың әл-ауқатын жақсырту бойынша сегізінші міндет «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ қызметінің «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету» стратегиялық бағыты шеңберінде шешіледі.

Стратегиялық бағыттар:

  • Кәсіпкерлікті қолдау;

  • Үлестік қаржыландыру экожүйесін дамыту;

  • Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету.

consultation Кеңес ал!