Сыртқы аудит | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Сыртқы аудит

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қаржылық есептілігінің сыртқы аудиторы

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің 2024 жылғы 26 маусымдағы шешіміне сәйкес 2024-2026 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым «ПРАЙСУОТЕРХАУСКУПЕРС» ЖШС болып айқындалды.

2024 жылы сыртқы аудитор көрсететін қызметтер тізбесі:

  • 2024 жылғы 30 маусымда аяқталатын кезең үшін «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның аралық қысқартылған жеке қаржылық есептілігіне шолу бойынша есеп ұсыныла отырып шолу;
  • Барлық маңызды аспектілерде ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында Тапсырыс берушінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша және жыл ішіндегі жылдық жеке қаржылық есептілігінің аудиті;
  • «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының №234-III Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбеге, нысандарға сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы және аяқталатын жылғы жағдай бойынша жылдық жеке қаржылық есептілігінің аудиті (бұл тармақ Тапсырыс берушінің талабы бойынша ұсынылады);
  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі « АҚ Басқарма отырысының хаттамасымен бекітілген форматта шоғырландыру мақсаттары үшін жасалған 2024 жылғы 31 желтоқсандағы және аяқталатын жылдағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептіліктің аудиті;
  • Ілеспе қызметтер көрсету.

Сыртқы аудитор қаржылық есептілік аудитін сатып алу туралы шарт шеңберінде бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу мәселелері бойынша консультациялар береді, қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша Директорлар кеңесіне, Аудит жөніндегі комитетке және «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ басшылығына презентациялар ұсынады.

chat Кеңес ал!