Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Әзербайжанның ірі банктерімен келіссөз жүргізді | Баспасөз релизі | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Баспасөз релизі

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Әзербайжанның ірі банктерімен келіссөз жүргізді

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Бакуде өткен Халықаралық конференцияға қатысты.  Іс-шараға ірі қаржы ұйымдарының, экспорттық-кредиттік агенттіктердің өкілдері қатысып, төкпелі жаһандық экономика жағдайындағы сауданы қаржыландыру жолдарын талқылады.

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Армана Бекбасова конференция қатысушыларына компанияның шетелдік әріптестермен байланыс орнатуда қандай тәсілдерге жүгінетінін атап өтті. Ол компанияның нарықтағы ролі мен мүмкіндігіне тоқталып, Орталық Азия шеңберінде түрлі жобаларды бірлесіп атқаруға дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстандағы жобалар бойынша шетелдік әріптестермен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды:  

  • Қазақстандағы экспортқа бағдарланған өндірістерге технологиялар мен жабдықтарды жеткізу үшін экспорттық кредиттерді сақтандыру және қайта сақтандыру.
  • Шетелдік капиталдың, технологиялар мен жабдықтардың қатысуымен жұмыс істеп тұрған қазақстандық өндірістерді экспорттау кезінде туындайтын тәуекелдерді шетелдік ЭКА-мен бөлісу.
  • Жобаларды қаржыландыру және Қазақстанда экспортқа бағдарланған алаңдар құру кезінде инвестициялық тәуекелдерді сақтандыру.

Сонымен қатар Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Әзербайжанның ТОП-3 банкімен Kapital Bank, Pasha Bank, сондай-ақ Bank of Baku және Xalq банкпен бірқатар кездесу өткізді. Қос тарап сауданы қаржыландыру бойынша мүмкіндігі жоғары жобаларды, оның ішінде Әзербайжан банктерінің қазақстандық экспорттаушыларға Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыруымен импорттық аккредитивтер шығаруын талқылады. Одан бөлек, Агенттік өкілдері қазақстандық электртасығыш (Alstom) және локомотивтерді (Wabtec) жеткізу мәселесі бойынша келіссөз жүргізді.

chat Кеңес ал!