Өңірлердегі экспортты қолдау
Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 2026 жылдың жеті айында 19,5%-ға өсіп, 18,6 млрд долларға жетті. Бүгінде шикізаттық емес сектордың өнімі еліміздің барлық экспортының үштен бірінен астамын құрайды. Қазақстандық өндірушілер жеткізілім көлемін кеңейтіп, жаңа шетелдік нарықтарды игеруде.
Алайда экспортқа шығу – бұл тек сатып алушы табу ғана емес. Компанияға қажетті көлемдегі таурын өндіру үшін қаржы қажет, ал шетелдік серіктеспен жұмыс істеген кезде ақшаны уақытында алмау тәуекелі сақталады. Экспорттаушыларға бұл мәселелерді шешуге Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – ЭКА) көмектеседі.
Бұл тәжірибеде қалай жұмыс істейтінін журналистерге Шымкент қаласына жасалған пресс-тур барысында көрсетті. БАҚ өкілдері мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін өз көздерімен бағалау үшін бірқатар жергілікті өндіріс орындарында болды.
Бүгінгі таңда Экспорттық-кредиттік агенттік экономиканы әртараптандыруға және өңдеу секторларын технологиялық жаңғыртуға белсенді түрде жұмыс істеуде. Агенттік жоғары переделлегі өнімдерге, соның ішінде АӨК, тамақ өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, химия саласы және басқаларға басымдық береді. 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Агенттік 78 отандық кәсіпорынға жалпы сомасы 514 млрд теңгеден астам қолдау көрсетті. ЭКА портфелінде бизнестің барлық сегменттері ұсынылған, қолдау тапқан жобалардың шамамен 63%-ы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі, соның арқасында экспорттық нарықтар өңірлік өндірушілер үшін ашылуда. Көрсетілген шаралардың жиынтық экономикалық әсері (экспорттық түсімді, салық түсімдерін және өндіріс көлемінің өсуін қоса алғанда) 1,7 трлн теңгені құрайды.
Өңірлік кесінді оңтүстік өңірлердің жоғары іскерлік белсенділігін көрсетеді: 2026 жылғы алғашқы сегіз айда Шымкент қаласының экспорттаушыларына 6,9 млрд теңгеден астам сомаға қолдау көрсетілді. Қаржылық және сақтандыру көмегін тамақ өнеркәсібі, АӨК, металлургия, химия саласы және машина жасау кәсіпорындары алды.
Пресс-тур бағдарламасы аясында журналистер ЭКА құралдарының арқасында шетелге жеткізілімдерін сәтті ауқымдандырып отырған өңірдің жетекші компанияларында болды:
-
«Шымкентмай» АҚ – 80 жылдық тарихы бар май-тоң май саласының флагманы. Кәсіпорынның ЭКА-мен ынтымақтастығы 2018 жылдан бері жалғасуда: осы уақыт ішінде сақтандыру жабынының жиынтық көлемі 28,5 млрд теңгеге жетті (оның ішінде 4 млрд теңге – ағымдағы кезеңде). Келісімшарттарды сақтандыру және экспорт алдындағы қаржыландыру зауытқа тәуекелдерді азайтуға және экспорт географиясын әлемнің 9 еліне, соның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Иран және Түркияға дейін кеңейтуге мүмкіндік берді.
-
«Stroi Construction» ЖШС – металл конструкциялары мен инфрақұрылымдық өнімдерді өндіретін жоғары технологиялы кәсіпорын. ЭКА-мен серіктестік 2025 жылдан бері дамып келеді, қолдаудың жалпы көлемі 6,1 млрд теңгені құрады (ағымдағы жылы 2,1 млрд теңгені қоса алғанда). Агенттік құралдары компанияға Қытай мен Түркияға өнім жеткізуді тұрақты түрде жолға қоюға көмектесті.
Пресс-тур БАҚ өкілдеріне ЭКА-ның кешенді құралдары – сақтандыру мен кепілдіктерден бастап экспорт алдындағы қаржыландыруға дейін қазақстандық бизнеске жаһандық нарықтарға сенімді түрде шығуға қалай көмектесетінін егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік берді.
