Бішкекте ЕАЭО елдерінің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің жылдық кездесуі өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Бішкекте ЕАЭО елдерінің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің жылдық кездесуі өтті

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) өкілдері Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің экспорттық-кредиттік агенттіктері басшыларының жылдық кездесуіне қатысты. Іс-шара Бішкек қаласында (Қырғызстан) «Мемлекеттік сақтандыру ұйымы» ААҚ алаңында өтті.

Кездесудің басты тақырыбы ЕАЭО-дағы экспорттық-кредиттік сақтандыру және қайта сақтандыру, сондай-ақ заманауи сын-қатерлер жағдайында дамудың практикалық шешімдері мен стратегиялық бағдарларын іздеу болды.

Іскерлік бағдарлама шеңберінде қатысушылар өткен жылғы жұмыс қорытындыларын шығарып, одан әрі дамудың стратегиялық жоспарларын таныстырды. Бизнес-процестерді оңтайландыруға, операциялық тиімділікті арттыруға және экспорттаушыларға қызмет көрсету сапасын жетілдіруге бағытталған цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, тараптар жергілікті деңгейде де, жаһандық деңгейде де туындайтын өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылап, қолдау шараларын жетілдіру жолдарын әзірледі. Мәселелердің бөлек блогы сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, андеррайтинг әдіснамалары мен тарифтік саясатты өзектендіруге, экспорттық тәуекелдерді нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ шығындарды реттеу тетіктері мен суброгациялық жұмысқа арналды.

Кездесу қорытындысы бойынша ЭКА жұмысының тиімділігін арттыру және олардың халықаралық саудаға ықпал етудегі рөлін күшейту жөнінде ұсынымдар қалыптастырылды.

ЕАЭО даму институттары озық тәжірибемен алмасу және сақтандыру мен қайта сақтандыру бойынша бірлескен жоспарларды келісу үшін мұндай кездесулерді тұрақты негізде өткізіп тұрады. Еске сала кетейік, 2023 жылы ұқсас іс-шара Астана қаласында өткен болатын.

Анықтама: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жалпы сомасы 653,7 млрд теңгеден астам 120-дан астам экспорттаушыға қолдау көрсетті (барлығы 535 келісімшарт қолдау тапты). Жиынтық экономикалық әсер 2 трлн теңгеден асты.

consultation Кеңес ал!