Алматыда бизнес-қоғамдастыққа шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдау құралдары таныстырылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Алматыда бизнес-қоғамдастыққа шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдау құралдары таныстырылды

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі А. Әбілдабековтің Алматы қаласы бизнесінің өкілдерімен кездесуі барысында Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы — ЭКА) өкілдері кәсіпкерлер мен отандық тауар өндірушілерге арналған мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары бойынша таныстырылым өткізді.

Кездесу барысында оңтүстік астананың бизнес-қоғамдастығына сыртқы сауда қызметін ынталандыруға және өңдеу секторындағы қазақстандық тауарларды халықаралық нарықтарға жылжытуға бағытталған сақтандыру, қаржылық және сервистік тетіктер туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Агенттік қызметі жоғары деңгейде өңделген өнімді шығаратын отандық экспорттаушыларды төлем жасамау тәуекелдерінен сақтандыру қорғанысына, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер арқылы кепілдіктер мен экспорт алдындағы қаржыландыруды ұсынуға шоғырланған. Бүгінгі таңда ЭКА кәсіпкерлерге экспорттық циклдің барлық кезеңдерінде — келісімшартты дайындаудан бастап шетелдік әріптестердің міндеттемелерді толық орындауына дейін сыртқы сауда мәмілелерін сүйемелдейтін 25 сақтандыру және кепілдік өнімдерінің топтамасын ұсынады.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, даму институтының басты мақсаты — қазақстандық кәсіпорындардың шетелдік алаңдарға шығуы кезінде максималды қауіпсіздік пен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл ретте жүйелі қолдау ұлттық экономиканың негізгі салаларын — өнеркәсіптік өндірістен бастап агроөнеркәсіптік кешенге дейін қамтиды, ал өңірлік бизнеспен тұрақты диалог мемлекеттік құралдарды кәсіпкерлердің нақты қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.

Агенттік жұмысының нәтижелері сақтандыру және қаржылық тетіктерге жоғары сұранысты растайды. Тек 2026 жылдың 8 айында ЭКА-ның қаржылық-сақтандыру қолдауының жалпы көлемі 514 млрд теңгеден асты, мұнда 78 отандық экспорттаушыға жәрдем көрсетіліп, жиынтық әлеуметтік-экономикалық әсер 1,7 трлн теңгеден асты. Жеткізу географиясы әлемнің 40-тан астам елін, соның ішінде Орталық Азия, Ресей, Қытай, Еуроодақ мемлекеттері мен Таяу Шығыс нарықтарын қамтиды.

Елдің басты қаржылық-логистикалық хабы ретінде Алматы шикізаттық емес экспортты қолдау көлемі бойынша көш бастап тұр. ШОБ пен өңдеуші өндірістердің жоғары шоғырлануы тамақ өнімдерін, құрылыс материалдарын, металл өнімдерін және машина жасау өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға ЕАЭО, Қытай және Орталық Азия нарықтарына белсенді шығуға мүмкіндік береді.

consultation Кеңес ал!