Бір кликпен: Қазақстанның ЭКА-сы экспорттаушыларға арналған қызметтерді қалай цифрландырды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Бір кликпен: Қазақстанның ЭКА-сы экспорттаушыларға арналған қызметтерді қалай цифрландырды

Бір кликпен: Қазақстанның ЭКА-сы экспорттаушыларға арналған қызметтерді қалай цифрландырды

Осыдан бірнеше жыл бұрын экспорттаушының мемлекеттік қолдауға қол жеткізу жолы кеңестерден, қағаз өтінімдерден, құжат алмасудан және шешімдерді күтуден тұратын ұзақ тізбектей көрінетін. Бүгінде Қазақстанның экспорттық экожүйесі ауқымды цифрлық революцияны бастан кешіруде. Қолдау құралдарының қолжетімділігі, жылдамдығы мен ыңғайлылығы жағынан жетекші финтех-гиганттардың экожүйелерімен деңгейлес болды.

Бұл бағыт ең жоғары мемлекеттік деңгейде белгіленген. Мемлекет басшысы Үкімет алдына шикізаттық емес экспорт көлемін екі есе арттыру және мемлекеттік секторды терең цифрландыру міндетін қойып отырған кезеңде, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі («Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіретін ЭКА) елеулі серпіліс жасады. Агенттік бизнеспен өзара іс-қимылды толығымен цифрлық рельске көшірді.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге бірден екі жоғары технологиялық құрал қолжетімді: «Экспорттаушының жеке кабинеті» және «Экспорттаушылар витринасы». Бұл шешімдер ұлттық институт пен бизнестің бюрократиясыз, ашық және нақты уақыт режиміндегі өзара іс-қимылының қағидалы жаңа, адамға бағытталған (адамға бағдарланған) моделін қалыптастырады.

Экспортты цифрландыру: қолдау идеясынан сервистік модельге көшу

Қазіргі заманғы экспорттаушы тек өнім сапасымен және бағасымен ғана бәсекелеспейді. Шешім қабылдау жылдамдығы, қаржыландыруға қол жеткізу, тәуекелдерді жедел басқару және сатып алушыларды тез табу мүмкіндігі шешуші бәсекелестік артықшылықтарға айналуда.

Сондықтан бүкіл әлемде экспорттық-кредиттік агенттіктер біртіндеп классикалық қолдау институттарынан қызметтерді, деректерді және клиенттерді сүйемелдеуді біріктіретін цифрлық платформаларға айналуда.

Қазақстан да осы бағытта келеді. ЭКА шетелдік контрагенттердің төлем жасамау тәуекелдерін жоя отырып, экспорттық мәмілелерді сақтандырудың, кепілдік берудің және қолдаудың кешенді құралдарын іске асырады. Алайда, бүгінгі күннің басты міндеті басқаша айтылады: «Кәсіпкер бұл опцияларды қаншалықты жылдам және кедергісіз пайдалана алады?» Бұл сұраққа жауап ретінде клиенттің бүкіл жолы толығымен «цифрға» көшірілді.

Экспорттаушының жеке кабинеті

ЭКА іске қосқан «Экспорттаушының жеке кабинеті» барлық қолдау шараларын алудың бірыңғай нүктесі ретінде құрылды. Іс жүзінде «хабарласыңыз — құжаттарды әкеліңіз — күтіңіз» деген ескірген модель жойылды. Оның орнына икемді, үнемі дамып отыратын цифрлық сценарий келді.

Жеке кабинеттің мүмкіндіктер аясы:

  • Қашықтан онлайн тіркелу және авторлану;

  • Қажетті сақтандыру өнімін интуитивті түрде таңдау;

  • Өтінімді 100% электронды форматта беру;

  • Қарау кезеңдерін нақты уақыт режимінде қадамдық трекинг арқылы бақылау;

  • ЭКА-ның бекітілген менеджерімен тікелей интерактивті диалог жүргізу;

  • ЭЦҚ көмегімен шарттарды қашықтан келісу және келісімшарттарға қол қою.

Бұл шешімнің архитектурасы ерекше маңызға ие. Сервис «бір терезе» принципі бойынша құрылған және Bgov бизнесті қолдаудың цифрлық экожүйесімен және «Бәйтерек» холдингінің байланыс орталығымен терең интеграцияланған. Кәсіпкерге енді вкладкалар арасында ауысып, деректерді қайталап, авторланудан қайта-қайта өтудің қажеті жоқ.

Бұл бизнестің уақытын үнемдейді, процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және әкімшілік жүктемені азайтады. Өңірлік кәсіпорындар үшін бұл өте маңызды: қолдау институттарына қол жеткізу енді географияға тәуелді емес.

«Экспорттаушылар витринасы»

Егер Жеке кабинет қолдау құралдарын алуға көмектессе, ЭКА-ның екінші цифрлық өнімі басқа міндетті шешеді — қазақстандық компанияларға клиенттер табуға көмектеседі.

Бұл — ішкі пайдаланушыға емес, шетелдік сатып алушыға бағытталған мамандандырылған экспорттық алаң. Сонымен, бұл — Made in Kazakhstan өнімдерінің жоғары технологиялық цифрлық шоурумы. Мұнда басты назар компаниялардың құрғақ тізіміне емес, нақты тауар позицияларын, олардың бірегей сипаттамаларын, экспорттық әлеуетін таныстыруға және өндірушімен тікелей байланысқа шығуға аударылған.

Қазіргі уақытта каталог экономиканың негізгі сектордары бойынша құрылымдалған:

  • АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) өнімдері;

  • Тамақ өнеркәсібі;

  • Химия өнеркәсібі;

  • Жеңіл өнеркәсіп;

  • Металлургия;

  • Машина жасау;

  • Құрылыс саласы.

Платформа шетелдік серіктеске тауарларды санаттар мен кілт сөздер бойынша іздеуге, өнім картасынан өндірушінің профиліне өтуге және алғашқы байланыс үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бірақ платформаның басты эксклюзиві — бірегей верификация (тексеру) механизмі. Порталда тек ЭКА-ның кешенді тексеруінен сәтті өткен өндірушілер ғана ұсынылған. Бұл «сапа белгісі» шетелдік контрагенттер тарапынан сенімсіздік мәселесін автоматты түрде жойып, келісімшарттар жасасуға қуатты серпін береді және жаңа нарықтарға шығу кедергілерін түбегейлі азайтады.

ЭКА-дағы жасанды интеллект

Жақында өткен технологиялық Demo Day шарасында Агенттік цифрлық трансформацияны жай ғана сайттардың әдемі «қасбетін» жасау емес, ЖИ (жасанды интеллект) тарта отырып, ішкі бизнес-процестерді (BPM-жүйелерін) терең қайта құру деп түсінетінін айқын көрсетті.

  • Интеллектуалды андеррайтинг: ЖИ шетелдік контрагенттер бойынша тәуекелдерді лезде бағалау үшін үлкен деректер (Big Data) массивтерін талдайды. Бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін сақтандыру лимиттерін бірнеше есе жылдам мақұлдауға мүмкіндік береді.

  • Blink жүйесі: Келіссөздер жүргізуге арналған арнайы ЖИ-сервис. Шетелдік серіктестермен кездесулер кезінде жүйе нақты уақыт режимінде аудионы мәтінге айналдырады (транскрипциялайды), негізгі міндеттерді айқындайды және адам факторын барынша азайта отырып, кездесудің дайын хаттамасын автоматты түрде жасайды.

Экспорт бүгін — бұл деректер, жылдамдық және сенім

Экспортты цифрлық трансформациялау — бұл жай ғана қағаз процестерін электронды форматқа көшіру емес. Әңгіме сыртқы экономикалық қызметтің жаңа инфрақұрылымын құру туралы болып отыр, мұнда кәсіркер бір цифрлық логика аясында онлайн қолдау алып, мәмілені қорғау құралдарын рәсімдей алады, өнімін шетелдік нарыққа таныстырып, сатып алушымен байланыс орната алады.

Бұл тәсіл бұрын экспортты ауыр, тек таңдаулыларға арналған және көп ресурс қажет ететін процесс деп санайтын шағын және орта бизнес үшін өте маңызды. Бүгінде цифрлық қызметтер бұл кедергіні барынша азайтады.

Қазақстан тек шикізаттық емес экспорт көлемін арттыруға ғана емес, сонымен қатар экспорттық ортаның сапасын — неғұрлым технологиялық, деректерге бағытталған және кәсіпкерге ыңғайлы етіп өзгертуге бәс тігуде.

consultation Кеңес ал!