Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі Астанадағы инвестицияларды қолдау бойынша семинарға қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі Астанадағы инвестицияларды қолдау бойынша семинарға қатысты

2026 жылғы 21 мамырда Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің (ЭКА, Агенттік) өкілдері елордада өткен «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» атты семинарға қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның қатысуымен ұйымдастырылған іс-шара барысында мемлекеттік даму институттары мен бизнес өкілдері инвесторларды қолдаудың негізгі құралдарын, жеңілдіктер мен олардың құқықтарын қорғау тетіктерін талқылады.

Семинар аясындағы өз сессиясында «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ өңірлік менеджері Темірхан Тішбаев Агенттік ұсынатын, компаниялардың инвестициялық және экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған мамандандырылған қолдау шаралары туралы баяндама жасады.

ЭКА-ның семинарға қатысуындағы негізгі мақсат – инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде тәуекелдерді төмендетуге және отандық кәсіпорындардың сыртқы нарықтарға шығуын ынталандыруға көмектесетін қолжетімді қаржылық және сақтандыру құралдары туралы бизнес-қоғамдастықты хабардар ету.

Іс-шараға сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Атамекен» ҰКП басшылары мен сарапшылары қатысты.

consultation Кеңес ал!