Экспорттық-кредиттік агенттік қайта сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастықты кеңейтуде | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Экспорттық-кредиттік агенттік қайта сақтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастықты кеңейтуде

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА), «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, қайта сақтандыру саласындағы әлемдік ірі көшбасшылардың бірі — немістің Hannover Re тобымен алғашқы шығыс облигаторлық қайта сақтандыру шартын жасасты. ЭКА үшін бұл қайта сақтандыру тобына осы форматта серіктес болудың алғашқы тәжірибесі болып табылады.

Hannover Re қайта сақтандыру слипіне Агенттік 2021 жылдан бері ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынас орнатып келе жатқан Swiss Re компаниясымен бірге қосылды. Жоғары рейтингті халықаралық серіктестер аясын жүйелі түрде кеңейту ЭКА-ға тәуекелдерді тиімді әртараптандыруға және сақтандыру портфелінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Hannover Re-ді тарту тәуекелдерді басқару жүйесін дамытудағы маңызды кезең болып табылады және жаһандық ойыншылардың қазақстандық экспорттық портфельге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Қосымша қайта сақтандыру қолдауы Агенттікке сақтандыру қамту көлемін ұлғайтуға, тәуекелдер шоғырлануын төмендетуге және негізгі құралдар, соның ішінде қарыздарды, экспорттық кредиттерді және сауданы қаржыландыруды сақтандыру бойынша сыйымдылықты арттыруға мүмкіндік береді. ЭКА отандық экспорттаушыларды сыртқы нарықтарда тұрақты әрі ауқымды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында халықаралық қайта сақтандыру нарығына жүйелі түрде интеграциялануды жалғастыруда.

consultation Кеңес ал!