TXF – экспорттық қаржыландыруды дамытуға арналған эксперттік алаң | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

TXF – экспорттық қаржыландыруды дамытуға арналған эксперттік алаң

2025 жылғы 25–26 қарашада «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) басшылығы Вена (Австрия) қаласында өткен жыл сайынғы халықаралық конференция TXF Export Finance Dealmakers Assembly іс-шарасынақатысты.

Бұл іс-шара экспорттық қаржыландыруды дамыту және экспорттық несие агенттіктері, қаржы институттары, экспортшылар мен инвесторлар арасындағы өзара іс-қимыл үшін негізгі жаһандық алаңдардың бірі болып табылады.

ЭКА басқарма төрағасының орынбасары Мадина Ержанованың айтуынша, TXF 2025-ке қатысу тек халықаралық алаңда болу емес, Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту және халықаралық ЭКА мен банктердегі әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған стратегиялық жұмыс:
«Орталық Азиядағы мүмкіндіктерді талқылау бұл алаңдағы дәстүрлі тақырып болып табылады. Әр қатысуда инвесторлар мен шетелдік ЭКА тарапынан орталықазиялық аймаққа және, әсіресе, біздің елге негізгі ойыншы ретінде қызығушылық артып келе жатқанын байқаймын. Бүгін біз қолдау көрсетілетін Еуропаға экспорт құрылымын, сондай-ақ даму институттары мен елдер арасындағы өзара қарым-қатынастың әлеуетті салалары мен өсу нүктелерін талқыладық», – деді М. Ержанова.

Конференция барысында DACH елдерінің халықаралық банктері мен экспорттық несие агенттіктерімен келіссөздер жүргізілді. Кездесулер нәтижесінде серіктестікті кеңейту, тәуекелдерді басқару саласындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстанда экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді

consultation Кеңес ал!