ICIEC-пен ынтымақтастық экспорттың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
АО «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» (ЭКА) Басқарма төрағасы Аллен Чайжунусов The Islamic Corporation for the Insurance of Investment and Export Credit (ICIEC) делегациясымен кездесті. ICIEC – штаб-пәтері Сауд Арабиясында орналасқан, Ислам даму банкінің тобына кіретін халықаралық ұйым.
Кездесу барысында тараптар отандық экспорттаушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Күн тәртібіндегі басты тақырып 2025–2026 жылдарға арналған міндетті қайта сақтандыру шартына қол қою болды.
– Алдағы келісімнің басты нәтижесі – қайта сақтандыру бойынша автоматты лимиттің екі есеге артуы. Бұл Агенттікке халықаралық нарыққа шығатын қазақстандық компанияларға икемдірек және тиімдірек сақтандыру құралдарын ұсынуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Басқарма төрағасы А. Чайжунусов.
Сонымен қатар тараптар ЭКА қолдауымен Әзербайжан және Түркия сияқты елдерге экспортты дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Мұндай ынтымақтастық Қазақстанның осы стратегиялық маңызды өңірлермен сауда байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.
ЭКА мен ICIEC арасындағы қайта сақтандыру шартына қол қою биылғы жылдың күзіне жоспарланған.
ICIEC туралы: ICIEC – Ислам даму банкінің тобына кіретін, инвестицияларды және экспорттық несиелерді сақтандыруға маманданған халықаралық ұйым. Оның құрамында 50 мемлекет бар.
