Еуразиялық экономикалық комиссия өндіріс пен экспортты дамыту жолдарын талқылады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Еуразиялық экономикалық комиссия өндіріс пен экспортты дамыту жолдарын талқылады

ЕАЭО елдеріндегі кедендік процедураларды қайта қарастыру мәселесі бірлескен өндірістерді дамытып, экспортты күшейтуге жол ашады. Бұл туралы Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің Ресей Федерациясындағы өңірлік директоры Василий Алпатов Еуразиялық экономикалық комиссия өткізген семинарда мәлімдеді.

Василий Алпатовтың айтуынша, шетелдік тауарларды сатып алу кезінде баж салығы мен басқа да төлемдерден босатуды қарастыратын кедендік мәселелер өндірісті оңтайландырады және ЕАЭО аясында өнімдердің бәсекеге қабілетті болуын арттырады. Бұл одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық интеграциясын тереңдететін стратегиялық құралға айналады.

«Біздің портфелімізде ЕАЭО елдерімен жасалынған экспорттық келісімшарттар жыл өткен сайын артып жатыр. Бұл тек экспорттың өсуі ғана емес, одақ ішіндегі экономикалық байланыстың нығайып, өзара сауданың ұлғайғанының айқын көрсеткіші болып отыр. ЕЭК алаңында біз ортақ жобалардың жүзеге асырылуын ғана емес, одақ елдерінің экспорттық әлеуетін едәуір арттыратын бағдарламаларды қарастырып жатырмыз», – деді Алпатов.

Семинарда кедендік процедуралардың практикалық қырлары, сондай-ақ өндірушілер мен экспорттаушылар үшін қосымша қолдау құралдары талқыға түсті.

Қайта өңдеу рәсімін қолданатын немесе әлеуеті бар перспективалы салалар ретінде авиация және кеме жасау, теміржол, машина жасау, автомобиль өндірісі (оның ішінде қозғалтқыш жасау), металлургия, фармацевтика, ағаш өңдеу, химия және жеңіл өнеркәсіп сияқты стратегиялық маңызды секторлар атап өтілді.

Бұл салалардағы экспорт динамикасы ЕАЭО аясында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және үшінші елдердің нарықтарына жоғары технологиялық өнімдер экспортын кеңейту мүмкіндігінің зор екенін көрсетеді.

Семинарды ұйымдастыруға «Ресей экспорттық орталығы» компаниялар тобы қолдау көрсетті. Іс-шараға ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, салалық қауымдастықтарының және бизнес өкілдерінің 130-дан астам қатысушысы жиналды.

consultation Кеңес ал!