Астанада «Қазақстандық экспорттаушылар форумы» өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Астанада «Қазақстандық экспорттаушылар форумы» өтті

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадина Ержанова экспорттаушылар форумына қатысты.  

Өз сөзінде М. Ержанова шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларды қолдауға арналған қаржы және сақтандыру шараларын таныстырып, олардың қолданылу жолдарын келтірді. Оның айтуынша, Агенттік қазақстандық бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып, өз өнімдерін үнемі жетілдіріп отырады. 

Форумға қатысушылар тауарды нақты сатып алатын мүмкіндігі бар нарықтарға басымдық берілу қажетін алға тартты. Мұндай нарықтар қатары деп Қытай, Иран, Орталық Азия және Кавказ елдері аталды.

Форум B2G-кездесулер форматында жалғасты. Бұл кездесулерде ұлттық даму институттары бизнеске қатысты өзекті мәселелерді шешу жолдарын жеке талдады. Сонымен қатар, форум аясында цифрландыру, логистика, сертификаттау және маркетинг бағыттары бойынша сараптамалық сессиялар ұйымдастырылды. Қатысушылар LULU (БАӘ), Alibaba және TaoBao (Қытай) сияқты әлемдік сауда алаңдарымен B2B-келіссөздер жүргізді.

Іс-шараны Сауда және интеграция министрлігі қолдауымен QazTrade ұйымдастырды. Форумға халықаралық ритейлерлер, шағын және орта бизнес өкілдері мен салалық сарапшыларды қосқанда 200-ден астам адам қатысты.

Форум соңында елдің үздік экспорттаушылары марапатталды. «Жыл экспорттаушысы» номинациясының иегерлері қатарында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің көпжылдан бергі серіктестері болды. Олардың қатарында «Altyn Shygys» ЖШС, «Qazaq-Astyq Group» ЖШС, «Бота-2015» ЖШС және тағы басқалары бар.

consultation Кеңес ал!