Отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер: Қазақстан-Бенилюкс кездесуі қалай аяқталды? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер: Қазақстан-Бенилюкс кездесуі қалай аяқталды?

Астанада MNU алаңында «Қазақстан-Бенилюкс» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) өкілдері қатысты. Қатысушылар арасында Бенилюкс өңірі мен Қазақстанның сауда палатасы басшылары, сондай-ақ Бельгия елшілігі, Сауда және интеграция министрлігі, QazTrade, IGK, MNU және бизнес-сектор өкілдері болды.

Іс-шара 4 маусымда басталатын Қазақстанның Бельгиядағы көпсекторлы сауда миссиясы аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама шеңберінде Брюссельде Бельгия-Қазақстан Іскерлік кеңесінің үшінші отырысы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен ЕО елдері, атап айтқанда Бенилюкс арқылы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі шараларды талқылау, сондай-ақ қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту жолдарын айқындау.

Кездесуде экспортты қолдау шаралары арқылы кәсіпкерлер, сауда-өнеркәсіп палаталары мен сақтандыру компаниялары арасындағы байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

«ЭКА отандық өнім экспортын Еуропа нарығына шығару үшін барлық қажет ресурсқа ие. Біз Бенилюкс елдеріндегі нарықты кеңейту үшін ЭКА қаржы-сақтандыру құралдары арқылы экспорттаушыларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Біздің мақсатымыз – серіктестеріміх үшін неғұрлым қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау»,деді Сауданы қаржыландыру және субсидиялау департаментінің директоры Айжан Ахметәлімова.

Панельдік сессия барысында Айжан Ахметәлімова Қазақстан мен Бенилюкс елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту тақырыбында ЭКА мүмкіндіктерін таныстырды.

Жиын соңында қатысушылар ортақ жобаларды жүзеге асыру бойынша қорытынды шығарып, бірлескен инвестиция көлемін және тауар айналымын арттыруға бағытталған алдағы жоспарды белгіледі. Тараптар инфрақұрылым, логистика, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы озық технологиялар мен тәжірибелерді, сондай-ақ IT өнімдерін дамытуға бағытталған жобаларды енгізу қажеттігін атап өтті.

chat Кеңес ал!