Қазақстан ЭЫДҰ алаңында экспорттық кредиттеуге қатысты позициясын нығайтуда ЭКА ЭЫДҰ-да: «жасыл» экспортты және халықаралық әріптестікті дамытуға бағытталған курс
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) Басқармасы төрағасының орынбасары Аян Бектібаева Париж қаласында өткен ЭЫДҰ Экспорттық кредиттер жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.
Форум экспорттық кредиттеу саласындағы негізгі мәселелерді талқылау алаңына айналды. Атап айтқанда, қатысушылар сауда қатынастарын арттыру, қолдауды жетілдіру мүмкіндіктерін зерттеп, сондай-ақ қазіргі геосаяси жағдайдағы ықтимал сын-қатерлер мен мүмкіндіктерге баға беріп, дамушы елдердің өсіп келе жатқан нарықтарына көп көңіл бөлді. Сарапшылар ынтымақтастықты дамытудың маңызды аспектілерін айқындады, соның ішінде сыртқы кредиттерге қызмет көрсетудің тарихы, фискалдық саясаттың орнықтылығы және бизнес жүргізудің ашықтығы атап өтілді. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның өсу әлеуеті жоғары, бұл өңірді инвесторлар үшін тартымды етіп отыр.
Форум барысында сарапшылар халықаралық интеграцияны жақсартуға, қолдау құралдарын жетілдіруге және қаржы институттарының портфельдерін тиімді басқару тәсілдерін іздестіруге бағытталған ақпаратпен алмасты.
Соңында, ЭЫДҰ алаңында Қазақстан делегациясы жетекші сарапшылармен, оның ішінде Лондонның Брунель Университетінің халықаралық бизнес профессоры және Оксфорд университетінің құрметті ғылыми қызметкері Андреас Класенмен, Берн одағының басқарушы директоры Ева Холлмен және ЭЫДҰ дивизионының директоры Сильвия Гаворниковамен бірқатар маңызды кездесулер мен талқылаулар өткізді.
Бұл кездесулерде мына мәселелер ортаға салынды:
- Қазақстанды көміртексіздендіру стратегиясын қолдау үшін «жасыл» өнім құру мүмкіндіктері;
- ЭЫДҰ елдерінің қаржы институттарымен кооперацияны күшейте түсу;
- сақтандыру рейтингтерінің ұсынылатын кредиттердің бағасына әсері.
Халықаралық алаңдарға қатысуы Қазақстанның инновацияларға жедел қолжетімділігі болуына, сарапшылардың пайымдарын түсінуге, экспорттаушыларға қолдау көрсету үшін заманауи шешімдерді қолдануға мүмкіндік береді.
Анықтама үшін
ЭЫДҰ — 38 елді біріктіретін халықаралық экономикалық ұйым, оның мақсаты экономикалық прогресті және әлемдік сауданы ынталандыру болып табылады.
