Жаңа Жамбыл фосфор зауыты: табыс жолы және онда кімдер қызмет етеді? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты: табыс жолы және онда кімдер қызмет етеді?

2025 жылЖұмысшы мамандықтар жылы

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, кадрлар даярлау сапасын күшейту және қолдау көрсетілетін кәсіпорындармен өзара іс-қимылды оңтайландыру мақсатында арнайы жоба бастады. Осы жоба аясында біз еңбек адамдары мен олардың кәсібі туралы жан-жақты ақпарат беретін боламыз.  Бұл арқылы жұмысшы мамандарды ынталандыру үшін еңбек нарығын жүйелеуге ықпал еткіміз келеді.

Біздің жобаның алғашқы шығарылымы «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» ЖШС (ҚДФЗ) және оның ел экономикасы үшін маңызды өнім өндіруді қамтамасыз ететін қызметкерлері туралы болмақ.

ҚДФЗ –  кен, сары фосфор өндіру және оны қайта бөлуге дейінгі тігінен интеграцияланған құрылымы бар бірегей өндірістік кәсіпорын. Компания 1978 жылы құрылған. Бүгінде жалпы ауданы 600 гектардан асатын кәсіпорында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді.  

ҚДФЗ Жамбыл облысы мен Тараз қаласында негізгі кәсіпорын қатарына кіреді. Компания өз кезегінде өңірдегі әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асырып жатыр.  

Айта кетейік, зауытта әлемдік тәжірибеде алғаш рет агломерацияланған фосфор шикізатынан сары фосфор алу технологиясы енгізілген.

Кәсіпорын үшін экспорт маңызды роль атқарады. ҚДФЗ ТМД, Польша, Дания, Чехия, Швейцария, Германия, Үндістан және АҚШ елдеріне тауар тасымалдайды. Бұл бағытта компанияға Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қолдау көрсетіп отыр.

Зауыт өнімдері термиялық фосфор қышқылын, тағамдық қоспаларды, синтетикалық жуғыш заттарды, автожолдарға арналған цемент-бетон қоспаларын, болат конъюнктураларын, сондай-ақ жоғары санатты химиялық өнімдерді өндіруде қолданылады.

chat Кеңес ал!