«Находка» сауда желісі қазақстандық азық-түлік өнімдерін жаппай сатып алып жатыр | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Находка» сауда желісі қазақстандық азық-түлік өнімдерін жаппай сатып алып жатыр

2024 жылы Ресейдің «Находка» сауда желісі «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) қолдауымен еліміздің ірі кондитерлік өнім өндірушілері – «Баян Сұлу» АҚ және «Сәуле» ЖШС тауарларын сатып алды. Тараптар арасында жасалынған келісімшарттардың жалпы сомасы 260,7 миллион теңгеге жеткен.

«Находка» желісі кондитерлік өнімдерден бөлек, ұн, макарон, шай, шырын, ет деликатестері және басқа да кеңінен тұтынылатын азық-түлік өнімдерін импорттауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, «Находка» сауда желісінің Ресей Федерациясы аумағында 400-ден астам сауда орны бар.

«Находка» сауда желісімен ынтымақтастық орнатқан отандық экспорттаушылар не ұтады:

  • Сату көлемі артады: «Находка» тұрақты тапсырыс пен ұзақмерзімді ынтымақтастық ұсынады.
  • Қолайлы төлем шарттары: ЭКА экспорттық қаржыландыру құралын және аккредитивтік төлем шартын пайдалану мүмкіндігін ұсынады.
  • Қолдау және бағыт-бағдар беру: ЭКА мамандары экспорттық келісімшарттың барлық кезеңінде жан-жақты көмек көрсетеді.

«Бүгінде федералдық және жергілікті өндірушілермен тікелей жұмыс істейтін «Находка» сауда желісі қазақстандық тауарларға ақсан қызығушылық танытып отыр. Біз екі ел арасындағы сауда байланысын кеңейту үшін қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жолда отандық экспорттаушыларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазірдің өзінде кондитерлік өнімдеріміз экспортталып жатыр. Осы уақыт аралығында ЭКА арқылы экспортты қаржыландыруды үшін ресейлік банктерде лимит бекітілді. Мұның арқасында қазақстандық экспорттаушылар есеп айырысу кезінде аккредитивтік шартты пайдалана алады», - деді Татарстандағы ЭКА өңірлік директоры Ренат Қалиев.

Еске сала кетейік, 2018 жылы екі ел арасындағы сауданы күшейту, жаңа нарықтарды игеру және экспорттаушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі Қазан қаласында арнайы кеңсе ашқан еді.

*фото ашық ақпарат алаңынан алынды

consultation Кеңес ал!