Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Донор күні» акциясына қатысты
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлері «Донор күні» қайырымдылық акциясына атсалысты. Донорлық қан Ақтауға, ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жөнелтілетін болады.
Акцияның мақсаты - қан банкін толықтыру ғана емес, сонымен қатар ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің қауіпсіз қан мен оның компоненттеріне қажеттіліктері, сондай-ақ өтеусіз ерікті донорлықтың оған мұқтаж адамдар үшін маңыздылығы туралы компания қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру.
Ықтималды донорлар сауалнамалар толтырып, гемоглобин деңгейін және басқа да көрсеткіштерді анықтау үшін талдауға қан тапсырды, дәрігердің қарауынан өтті. Қан алу процедурасын ЭКА-ның бұрыннан бергі серіктесі - Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы мобильді бригадасының қызметкерлері қамтамасыз етті.
«Донор күні» ЭКА-да игі дәстүрге айналған. Акция бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мен оның қызметкерлерінің белсенді азаматтық ұстанымының жарқын көрінісі болып табылады. Акцияға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!