Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі SDG Pioneers премиясына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі SDG Pioneers премиясына қатысты

Қазақстанда алғаш рет SDG Pioneers премиясы өтті. Іс-шара БҰҰ Жаһандық шарты аясында 9 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Премия  Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуына елеулі үлес қосатын шағын және орта бизнес өкілдеріне, сондай-ақ ірі отандық компанияларға беріледі.

SDG Pioneers бастамасы БҰҰ-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму принциптерін дамытуға бағытталған. Ол, ең алдымен, экология, адам құқықтарын қорғау және қоғамның әл-ауқатын арттыру үшін бизнес стратегияларды икемдеуге негізделеді.  

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі де БҰҰ Жаһандық шартының мүшесі ролінде іс-шараға атсалысты.

«Тұрақты даму мақсаты өте ауқымды. Осы тұста бизнесті басқару стратегиясы жаһандық мақсаттарды ескеріп, қоршаған орта, қоғам мүддесі, барлығына қолайлы әрі тең жағдай жасауға тырысуы қажет», - деп атап өтті «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аян Бектібаева.

Жаһандық шартқа қосылған компаниялар өз қызметін адам құқықтарының сақталуын, еңбек нормаларын, қоршаған ортаны қорғауды және орнықты дамудың басқа да аспектілерін қамтитын 10 қағидатқа бейімдеуге міндеттеледі.

Бүгінде БҰҰ Жаһандық шарты әлемнің 160 елінен 20 мыңнан астам компанияны біріктіреді. Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі 2017 жылдың 18 желтоқсанында шарттың тұрақты қатысушысы болды.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі ашық саясат ұстана отырып,  экономикаға, қоғамға және қоршаған ортаға беретін әсерін жетік түсінеді. Агенттік өз қызметінде БҰҰ-ның адам құқықтары, еңбек қатынастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидаттарды басшылыққа алады.

chat Кеңес ал!