Шымкенттің жоғары сапалы шыны зауыты шетелдік нарықтарды бағындыруда
Шымкенттің жоғары сапалы шыны ыдыстар зауыты шетелдік нарықтарды бағындыруда. Тамақ өнеркәсібі мен фармацевтикалық өндірістерге арналған өнімдердің кең ассортименті халықаралық нарықта өз тұтынушысын тауып үлгерген. Бәсекеге қабілетті болып қалу үшін «Еуро Кристалл» компаниясы «Қазақстанның экспорттық- кредиттік агенттігіне» жүгініпті. «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы отандық өндірушілерге басқа елдердің нарықтарына сенімді шығуға көмектеседі. Толығырақ келесі материалда.