Шағын қаланың ірі өндірісі | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Шағын қаланың ірі өндірісі

Қазақстандық жылытқыштар шетел нарығын жаулауда

Халық саны 17 мыңнан астам адамды құрайтын, Қазақстан астанасынан 200 км қашықтықта орналасқан Макинск қаласында 10-нан астам ірі және 20-дан астам кішігірім кәсіпорындар орналасқан. Өндірістер арасында - бірқатар елдерді өз өнімдерімен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы, машина жасау және құрылыс материалдары зауыттары бар.

Оның бірі - MakWool сауда маркасымен базальт түрі негізінде жылу оқшаулағыш материалдарын өндіру бойынша Макинск зауыты. Кеңес уақытында бұл жерде тракторлар, жүк және жеңіл автомобильдер үшін піспек сақиналарын шығару бойынша зауыт орналасқан болатын. Кеңес одағының ыдырауымен бірге оның өнімі және білікті кадрлары сұранысқа ие болмады, 2000 жылдардың басында көптеген цехтардың корпустары және қандай да бір инфрақұрылымдар ғана сақталды.

2010 жылы Макинск қаласына базальттан жасалған минералмақта жылуұстағыштарды өндіру бойынша замануи әкіспорын құру үшін иинвесторлар келе бастады. 2017 жылы Gamma Meccanica S.p.A. италяндық жабдығы бар Макинск зауыты алғаш өз өнімін шығарды, бірақ кейінірек айналым капиталын қаржыландыруда мәселелер туындай бастады.



2019 жылдың ортасында зауыт жаңғыртылып, қайта жабдықталып, өндіріс қалпына келтірілді - базальт түрі негізінде жылу оқшаулағыш материалдарды дайындау. Материалды қолдану саласы шексіз, ол газ-бетонды блоктар құрылысында, сондай-ақ минералмақта тақтайшасы қажетті сэндвич-панельдерді дайындау үшін де қолданады.



Үшінші жыл қатарынан MakWool тәулік бойы жұмыс жасап келеді және бірнеше ауысыммен жасайды, яғни тастарды жылуұстағышқа айналдыруда, оларды қазақтандық және шетелдік құрылысшылар сатып алуда. Өндірісті қалпына келтіруге «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес кәсіпорындары көмектесті. Кейінірек Қазақстан экспорттаушыларын қаржылық-сақтандыруды қолдауға бағытталған «KazakhExport» ЭСК» АҚ - экспорттық сақтандыруды қамтамасыз ете отырып, шетел нарығына шығуға көмектесті. Базальт түрі негізінде минералмақта жылуұстағыштар Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан құрылысшыларының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Жоспарда – экспортты Украинаға, Польшаға және Болгарияға дейін ұлғайту көзделген.



Қазіргі таңда MakWool жылына 30 мың тонна өнімді шығара отырып, жобалық қуатынан 90 пайызға жұмыс жасауда. Ақмола облысы Бұланды ауданының тұрғындары үшін Макинск өнеркәсіп қаласында зауыттың пайда болуы маңызды оқиға болып табылады. Білікті жұмыс кадрлары қайта сұранысқа ие бола бастады, ал жастар зауытта жұмыс жасау үшін жаңа техникалық мамандықтарды оқи бастады. Қазір зауытта шамамен 200 адам еңбек етуде, оның ішінде 150 – бұл Макинск қаласынан келген өндірістік қызметкерлер болып табылады.

Осы Макинск қаласының зауыты – бұл ескі жаңғыртылған базаның сауатты менеджментке айналуына, мемлекеттік қолдау құралдарын дұрыс бағытта қолдануға, сұранысты және әлеуетті сату нарықтарын тиімді бағалауға мінсіз рөлді ойнаған мысалдың бірі болып табылады. Мұндай мысалдар Қазақстанда өте көп. Қазақстандықтар әлі де естімеген ірі және ікішігірім кәсіпорындары бар шағын қалалар нешеу?

chat Кеңес ал!