KazakhExport Тәжікстандағы қазақстандық экспорттаушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуде | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport Тәжікстандағы қазақстандық экспорттаушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуде

«KazakhExport» ЭСК» АҚ шетелде, оның ішінде Тәжікстанда шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді экспорттауды жүзеге асыратын отандық өндірушілерге қолдау көрсетуді жалғастырады. Экспорттық-сақтандыру компаниясының құралдары қазақстандық экспорттаушылардың шетел нарығына шығуда олардың қауіптерін азайтып қана қоймайды, сондай-ақ өтім нарығын кеңейтеді.

«Народная газета» материалында Тәжікстанның «Амонатбонк» мемлекеттік жинақтаушы банкінің Басқарма төрағасы Сироджиддин Икроми даму бойынша шетелдік серіктестермен бірлесіп жұмыс істеу тиімділігін атап өтті. Оның сөзінше, ұлттық экономиканың басым салаларын қолдау үшін шетелдік капталды тарту, әсіресе өндірістік кәсіпкерлікті тарту отандық өндірістің одан әрі дамуына ықпал етеді.

«KazakhExport» компаниясының – еншілес ұйымы «Байтерек» холдингімен және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымымен  бірігіп жұмыс жасау шеңберінде – Тәжікстан Республикасының жүйесін құраушы «Амонатбонк» мемлекеттік жинақтаушы банкісі инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін аккредитивтердің алғашқы басылымын шығарғанын еске саламыз, яғни осы жобалар шеңберінде Қазақстаннан металпрокаттарды және автокөліктерді сатып алу бойынша контрактілер жасалды.

Толығырақ сілтеме бойынша материалда

chat Кеңес ал!