Ұн тартау кәсіпорындары қорғалған. Дағдарыс кезінде саланың тәуекелдерін кім сақтандырады?
Ұн және макарон өнімдері - еліміздің брендтерінің бірі, қазақстандық ұн тарту кәсіпорындарының өнімдері көрші елдердің тұтынушылары арқасында тұрақты табысқа ие.
Бірақ мұндай танымалдылық проблемалар туындатады: көршілер Қазақстан үшін өз нарықтарын жабуға тырысуда. Сондықтан ұн тарту саласын мемлекеттік қолдаусыз жүргізу мүмкін емес.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында energyprom.kz. деректері бойынша Қазақстандағы ұн тартушылар 2,4 млн тонна ұн өндірді. Олар ішкі нарықтағы сұранысты толығымен қамтамасыз етіп, өнімді сыртқы нарықтарға белсенді жеткізді. Қазақстандық ұн тартушылар экспортқа өнімнің 47,7%-ын шығарды (өткен жылы – 44,9%). Бұл 264,6 млн доллар сомаға 948,9 мың тонна ұн (ақшалай мәнде жыл ішіндегі өсімі – 29,2%) көлемін білдіреді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақстандық ұн тартушылар 15 жыл ішінде ұн экспортының көлемін 13 еседен астамға ұлғайтқанын мақтан еткен. Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бойы осы саладағы әлемдік экспорттаушылардың үштігінде.
Алайда, бұл жетістіктің екінші жағы да бар: қазақстандық ұн тартушыларды басқа елдер өз нарықтарынан ығыстыруға немесе оларды жеткізуді шектеуге тырысуда. Импорттаушыларға сапалы болса да, дайын өнімді сатып алудан гөрі Қазақстаннан астықты сатып алып, өз елінде тарту арзанға түседі. Ұн тартушылар шетелге шығару көлемі төмендеп, зауыттар тоқтап тұр деп дабыл қағуда.
Бұл нарықтағы бәсекелестік өте қатал, сондықтан қазақстандық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау өте қажет. Әсіресе, осы қиын жылда, пандемияға байланысты шетелдік сатып алушылар тарапынан төлем жасамау қаупі пайда болып, орнатылған байланыстар құлдыруда.
Бұл жағдайда «KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, ҚР сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) арқылы мемлекеттік қолдау маңызды болды.
– Біз макарон өнімдерін Қырғызстанға және өңірдің басқа елдеріне экспорттаймыз,- дейді Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының макарон-ұн тарту саласындағы жетекші кәсіпорны «Ай-Ару» ЖШС компаниясының заңгері Аслан Алдабергенов. - KazakhExport бізге экспорттық төлемдерді сақтандыру қызметін ұсынды. Бұл - егер сатып алушы біздің жеткізілімдерімізді төлемесе, KazakhExport бізге төлем сомасының 80%-на дейін өтейді және өзі төлеушілерден ақша өндіріп алатын болады дегенді білдіреді. Бір нәрсе ған бізге болашаққа оптимизммен қарауға мүмкіндік беріп отыр.
Ұн өндірісі ең тиімді бизнес емес екенін айта кету керек, егер сатып алушы төлемді кешіктірсе, бұл кәсіпорынға өте қатты әсер етеді. Сондықтан экспорттық төлемдерді сақтандыру қызметі үлкен сұранысқа ие.
KazakhExport-тан еліміздің басқа да ірі кәсіпорындары, мысалы, Ново-Альджан мелькомбинаты (Ақтөбе) осындай қолдау алды. Дайын өнім Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Ауғанстанға экспортталады.
Тағы бір маңызды қолдау – ұн тартушылардың қарыздарын сақтандыру. Соңғы жылдары астық бағасы өсіп келеді, шикізатсыз қалмау үшін ұн тартушылар астық сатып алу үшін кредит алуға мәжбүр, әйтпесе оны басқа мемлекеттерден келген бәсекелестер сатып алады. KazakhExport қазақстандық ұн тартушылардың қарыздарын сақтандыруды қамтамасыз етеді, бұл олардың айналым қаражатын толықтыру үшін кредиттер алуларын айтарлықтай жеңілдетеді.
Мұндай қолдауды «Бест Қостанай» ЖШС пайдаланды, сақтандыру өтем сомасы 720 млн теңгені құрады. Бұл өз өнімдерін ТМД мен Ауғанстанға экспорттайтын кәсіпорынға үздіксіз жұмыс істеу үшін жеткілікті мөлшерде шикізат сатып алуға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері экспорттық келісімшарттар бойынша KazakhExport қабылдаған міндеттемелердің сомасы 63 млрд теңгені құрады.
Салаға қажетті тағы бір қызмет – жаңа нарықтарды іздеу.
- KazakhExport-тың әртүрлі елдерде өкілдіктері бар және олар бізге жаңа клиенттерді табуға көмектеседі,- деп атап өтті «Цесна-Астық» концерні» ЖШС-ның Сату жөніндегі аға менеджері Артем Яремчук. - Біз өз өнімдерімізді ТМД-ның көптеген елдеріне жеткіземіз, бірақ бізге даму үшін жаңа нарықтар қажет. Әрине, экспорттық кредиттерді сақтандыру да өте маңызды демеу болды. Ағымдағы жылы бұл бізге көп көмектесті, пандемия кезеңінде өте маңызды деген сенімділік пен тұрақтылық болды.
Әрбір ел үшін, өзінің қайта өңделетін өніміне қолдау алу және сыртқы нарықтарда дайын өнімді сату тиімді. Салыстыру үшін: экспортқа шығарылатын бір тонна ұн бір тонна астыққа қарағанда, шамамен, бір жарым есе қымбат.
Бұл - жергілікті ұн зауыттарында мал жеміне қосылатын өте құнды қайта өңделетін өнімдердің зауыттарда қалатынын қосып айтпағанда.
Сондықтан ұн тарту саласын мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі - айқын.
https://informburo.kz/stati/mukomoly-pod-prikrytiem-kto-strahuet-riski-otrasli-v-krizis.html