Қазақстандық кәсіпорындар экспорттық түсімдер деңгейін ұлғайта алады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстандық кәсіпорындар экспорттық түсімдер деңгейін ұлғайта алады

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, Астана, 6 ақпан 2019 жыл.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында «Бәйтерек» холдингімен өзінің еншілес компаниясы – «KazakhExport» ЭСК» АҚ жарғылық капиталын толықтыруға  34 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

«KazakhExport» капиталдандырудың негізгі мақсаты аккредитивтерді импортер банктер тарапынан міндеттемелерін орындамау қаупінен сақтандыру, экспорттық келісімшарттар бойынша төлемді кейінге шегеруді импортер тарапынан төлемеу қаупінен сақтандыру, импортер аванстарын экспортерлердің аванстық төлемдерді қайтармауынан сақтандыру және экспортты дамытуға бағытталған экспортерлер қарыздарын сақтандыру құралдары арқылы шикізат емес өнімдер экспортын қолдау көлемін ұлғайту болып табылады. 

«KazakhExport» компаниясының қызметтерін халықаралық нарыққа шығуды және өз бизнесін қауіптерден сақтандырғысы келетін кез-келген Қазақстанның шикізат емес тауарларын өндіретін кәсіпорындары пайдалана алады. «KazakhExport» қоржынында шағын және орта бизнесті қолдайтын 13 құралдары бар, олардың қатарында  – несиелерді сақтандыру, банктік төлем кепілдемелерін сақтандыру, сараптама алды қаржыландыру және т.б. бар.

«Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Баспасөз қызметі
8 (7172) 919205
www.baiterek.gov.kz
baiterek.gov.kz@gmail.com

chat Кеңес ал!