KazakhExport және өзбек банктері қазақстандық экспорттаушыларды қолдау туралы уағдаласты
«KazakhExport» ЭСК» АҚ, Ташкент, 14 наурыз. Бүгін қазақстандық экспорттық сақтандыру агенттігінің Басқарма төрағасы Руслан Искаков Өзбекстан Республикасында компанияның шетелдік өкілі офисінің таныстырылымында KazakhExport «Алока Банк» АҚ мен «Кишлок Курылыш Банк» АҚ-мен бірге ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
KazakhExport-тың өзбек банктерімен қол жеткізген уағдаластықтары стратегиялық серіктестікті дамытуға бағытталған. «Қазақстаннан Өзбекстанға экспортты жүзеге асыратын қазақстандық өндірушілерді сақтандыру және қаржыландыру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы сөз болып отыр», - деп түсіндірді Руслан Искаков.
Бүгінгі таңда экспорттық саудалық қаржыландыру шеңберінде өзбек банктерінің қолдауымен KazakhExport Өзбекстан Республикасына крахмалды сірнелерді, сондай-ақ қазақстандық өндірістің құрылыс материалдарын жеткізу бойынша қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсетті.
Бүгін Ташкентте Өзбекстан Республикасындағы компанияның ресми өкілінің офисі таныстырылғанын естеріңізге саламыз. Бірінші шетелдік офис Ресей Федерациясында (Қазан) 2018 жылғы қазанда ашылды. 2019 жылдың соңына дейін «KazakhExport» ЭСК» АҚ шетелдік өкілдердің тағы 7 офисінің ашылуын жоспарлап отыр: Ресей Федерациясында (Мәскеу, Новосибирск, Екатеринбург), Қытай Халық Республикасында (Сиянь және Үрімші), Тәжікстанда, Қырғызстанда, Белоруссияда.
Анықтамалық:
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ миссиясы («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсуін қолдау және қаржылық-сақтандыру практикасын қалыптастыру және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық емес қолдау болып табылады.