KazakhExport Ресейге жүк автомобильдерінің экспорты бойынша Hyundai Trans Auto-ға қолдау көрсетті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport Ресейге жүк автомобильдерінің экспорты бойынша Hyundai Trans Auto-ға қолдау көрсетті

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ұлттық компаниясы («Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы) отандық автоқұрастыру зауыты мен Hyundai коммерциялық техникасының Ресейдегі ресми дистрибьюторы арасындағы мәмілеге қолдау көрсетті.

Қазіргі уақытта «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін «Hyundai Trans Auto» автоқұрастыру кәсіпорны Қазақстанда шығарылған коммерциялық техниканы Ресейге экспорттау жөніндегі жобаны іске асыруда. Жоба бойынша барлығы 2017 жылы компания 500 бірлік коммерциялық техниканы өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстандық экспорттаушы «KazakhExport» ЭСК» АҚ ұлттық компаниясы қаражаттары есебінен 1,5 млрд. теңгеге мақұлданған желі шеңберінде Сбербанктен экспорт алдындағы қаржыландыруға жеңілдікпен 1 жыл мерзімге кредит алды.

«Біз жобаны іске асыруға қолғабыс көрсеткені үшін KazakhExport-қа алғыс білдіреміз, бұдан әрі біздің компания бұл бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндігін қарастырады», - деп ой бөлісті «Астана Моторс» ҚМК атқарушы директоры Антон Афонин.

«Экспорт алдындағы қаржыландыру қазақстандық экспорттаушыларға өнімдерін тиімді шарттармен жеткізуіне мүмкіндік береді, - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. -  «Астана Моторс» компаниясы шығарған жүк автомобильдері Ресейдің автонарығында лайықты орнын алатынына сенімдіміз. Біз қазақстандық бизнестің басқа да экспорттық бастамаларына қолдау көрсетуге дайынбыз».

«KazakhExport» ЭКС» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаковтың айтуынша, экспорт алдындағы қаржыландыру экспорттық тауар шығарудың бүкіл циклы ішінде қаржыларды жеңілдікпен алуға және шетелдік әріптес қаржылай міндеттемелерін орындамаған жағдайда сақтандырудың көмегімен қазақстандық экспорттаушының залалдарын болдырмауға мүмкіндік береді.

chat Кеңес ал!