Астанада инвесторлар мен экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары талқыланды
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да өңірлік және орталық деңгейде инвесторларды сүйемелдеудің практиклық мүмкіндіктері мен құралдарына арналған «Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» атты оқыту семинары өтті. Іс-шараға «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Сақтандыру және кепілдік беру департаменті директорының орынбасары Светлана Полянская қатысты.
Агенттіктің семинарға қатысуының басты мақсаты – отандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуы кезіндегі коммерциялық және саяси тәуекелдерді азайтуға бағытталған қаржылық және сақтандыру тетіктері туралы кәсіпкерлік қоғамдастық пен мемлекеттік институттарды ақпараттандыру болды.
Сөз сөйлеу барысында Светлана Полянская ЭКА-ның негізгі қолдау құралдарын егжей-тегжейлі баяндап берді. Экспорттық кредиттерді, экспорттық-сауданы қаржыландыруды, құжаттамалық аккредитивтерді және банктік кепілдіктерді сақтандыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Осы өнімдерді қолдану инвестициялық жобаларға қаржы тартуға, сондай-ақ өткізу нарықтары мен экспорттық жеткізілімдер географиясын кеңейтуге мүмкіндік беретіні, осылайша қосылған құны жоғары отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны атап өтілді.
Бұдан бөлек, семинарға қатысушылар «Бәйтерек» ҰӘХ» АҚ және оның еншілес құрылымдарының қаржылық құралдарының толық спектрімен танысты. «Бір терезе» қағидатын іске асыру шеңберінде Холдинг бизнеске жайлы жағдайды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, қолдау шараларын интеграциялау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Кездесу қорытындысы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтті, оның шеңберінде қатысушылар ЭКА-мен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен экспорттық жобаларды іске асыру үшін сақтандыру қорғауын алу шарттары туралы толық түсініктемелер алды.
