ЭКА «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ЭКА «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдады

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) ұжымы Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысты.

Экологиялық іс-шара ЭКА мен «Бәйтерек» холдингінің басқа да еншілес ұйымдарының 200-ден астам қызметкерінің басын қосты. Акцияға қатысушылар бөлінген қалалық аумақтарды жинап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, саябақ аймақтарын қоқыстан тазартты.

«Экологиялық бастамаларды қолдау – бұл біздің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіміздің маңызды бөлігі. «Таза Қазақстан» акциясына қатысу қалаларымыздың таза болуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастырып, ұжымдық рухты нығайтады», - деп атап өтті ЭКА өкілдері.

ЭКА елдің тұрақты дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға одан әрі ықпал ете отырып, әлеуметтік маңызы бар және экологиялық жобаларға үлкен мән береді.

consultation Кеңес ал!