| Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ негізгі даму институттарымен - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Qazpatent» ҰЗМИ, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК, сондай-ақ «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қолдауымен кәсіпкерлер мен экспорттаушыларды бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырады.

Семинарлар аясында қатысушылар келесі мәселелер бойынша түсіндірмелер алады:

  • Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған қолданыстағы қаржыландыру бағдарламалары;

  • кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда ұсынылатын шешімдер;

  • экспорттық операциялар кезінде тәуекелдерді азайту тетіктері;

  • сенімді шетелдік сатып алушыларды іздеу және олармен ынтымақтастық орнату;

  • тауар белгісін тіркеу және оның бизнес үшін маңызы;

  • мемлекеттік қолдау шаралары аясында ішінара өтелуге жататын шығын түрлері;

  • бизнесті дамытуға арналған консультациялық және сервистік қолдау алу мүмкіндіктері.

Іс-шаралар практикалық бағытта өтеді және нақты кейстерді талқылаумен сүйемелденеді.

Қатысу форматы: онлайн (Zoom платформасы).

Кәсіпорын орналасқан өңірге сәйкес семинарды таңдауға кеңес беріледі. Қосылу сілтемесі семинар басталғанға дейін бір тәулік бұрын тіркелген қатысушыларға тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына және WhatsApp нөміріне жіберіледі.

Тіркелу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, кәсіпорныңыз орналасқан өңірге сәйкес күн мен өңірді таңдауыңыз қажет:

Семинарларды өткізу кестесі:

  • 19 наурыз — Астана қ.
  • 26 наурыз — Алматы қ. және Алматы облысы
  • 2 сәуір — Шымкент қ.
  • 9 сәуір — Ақмола облысы
  • 23 сәуір — Атырау облысы
  • 14 мамыр — Ақтөбе облысы
  • 28 мамыр — Шығыс Қазақстан облысы
  • 11 маусым — Жамбыл облысы
  • 16 шілде — Батыс Қазақстан облысы
  • 23 шілде — Қарағанды облысы
  • 30 шілде — Қостанай облысы
  • 6 тамыз — Қызылорда облысы
  • 13 тамыз — Маңғыстау облысы
  • 20 тамыз — Павлодар облысы
  • 27 тамыз — Солтүстік Қазақстан облысы
  • 10 қыркүйек — Түркістан облысы
  • 24 қыркүйек — Абай облысы
  • 8 қазан — Жетісу облысы
  • 22 қазан — Ұлытау облысы

Байланыс тұлғасы:
Шарбану Байгошкарова,
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ бизнес-тренері
Тел.: +7 707 396 67 87
E-mail: sh.baigoshkarova@kazakhexport.kz

consultation Кеңес ал!