«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі VII Green Investment Principles пленарлық отырысына қатысты»
Гонконг қаласында «Жасыл инвестициялар қағидаттарының» (Green Investment Principles, GIP) VII Пленарлық отырысы өтті. Бұл – «Бір белдеу, бір жол» бастамасының негізгі жыл сайынғы іс-шарасы, тұрақты даму саласындағы жетекші қаржы институттары мен сарапшыларын біріктіретін маңызды алаң.
GIP пленарлық отырысы дәстүрлі түрде жыл қорытындыларын шығару, жыл сайынғы есепті таныстыру, стратегиялық бағыттарды талқылау, сондай-ақ жасыл қаржыландыру мен ESG-трансформациялары саласындағы озық тәжірибелермен алмасу алаңы болып табылады.
Осы жылдың жазында Агенттік «Бір белдеу, бір жол» бастамасының «Жасыл инвестициялар қағидаттары» халықаралық бастамасына қосылып, қатысу туралы келісімге қол қойды.
Қазіргі уақытта бастаманың қатысушылары – 17 елден шыққан 50 жаһандық институт. Олардың жиынтық активтері 40 триллион АҚШ долларынан асады. Бұл – Қытайдың ең ірі банктері, Ұлыбритания, Франция, Германия, Швейцария, БАӘ, Тайланд, Марокко және басқа да елдердің коммерциялық банктері мен сақтандыру компаниялары, сондай-ақ жасыл экономиканы дамытуға белсенді қатысатын халықаралық және өңірлік қаржы ұйымдары.
Қазақстан үшін GIP бастамасына қатысу стратегиялық маңызға ие. Агенттіктің Жасыл инвестициялар қағидаттарына қосылуы агенттіктің жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің тұрақты экономикалық даму, ESG қағидаттарын ілгерілету және ұлттық бизнесті декарбонизация жолында қолдау стратегиясын дәйекті жүзеге асырып отырғанын көрсетеді.
GIP пленарлық отырысына қатысу Агенттікке халықаралық серіктестікті кеңейтуге, сараптамалық диалогты күшейтуге және қаржы жүйесінің жаһандық климаттық тұрақтылық пен төмен көміртекті өсімге бағытталған трансформациясына өз үлесін қосуға мүмкіндік берді.
