ЭКА: Орталық Азиядағы трансшекаралық сауданы дамыту | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ЭКА: Орталық Азиядағы трансшекаралық сауданы дамыту

В Ташкенте состоялся научный круглый стол, посвященный актуальным вопросам трансграничной торговли в Центральной Евразии. В мероприятии принял участие Алишер Хакимов, Региональный директор АО «Экспортно-кредитное агентство Казахстана» (ЭКА) в Узбекистане.

Орталық Азиядағы трансшекаралық сауданы дамытуға арналған дөңгелек үстел Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясынан келген жетекші салалық сарапшылар мен ғылыми зерттеушілерді біріктірді.

Алишер Хакимов «Өзбекстандағы Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің трансшекаралық сауданы дамытудағы рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде өңір елдері арасындағы экономикалық байланыстарды дамытудың негізгі бағыттарын атап өтіп, тұрақты сауда-инвестициялық қатынастарды қалыптастыру жолдарын ұсынды. Хакимовтың айтуынша, Орталық Азия өңірі ЭКА-ның қолдау көлемі бойынша портфелінде көптеген жылдар бойы көш бастап келеді. Ынтымақтастықтың негізгі салалары ретінде металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, химия және фармацевтика өнімдері, сондай-ақ шыны өнеркәсібі аталды.

2024 жылы KazakhExport өз дамуының маңызды кезеңіне жетіп, сақтандыру компаниясынан толыққанды экспорттық-кредиттік агенттікке айналды. Осылайша, KazakhExport Орталық Азиядағы халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетін алғашқы классикалық ЭКА атанды. Бұл Агенттікке Қазақстанның ұлттық күн тәртібін іске асыруда – экспортты әртараптандыру, индустрияландыру және жаһандық қосылған құн тізбектеріне интеграциялану бағытында стратегиялық маңызды орынды иеленуге мүмкіндік берді. Алишер Хакимовтың айтуынша, жаңа мәртебе Агенттікке берік портфель қалыптастырып, институционалдық білім жинауға жол ашты, әсіресе Орталық Азия елдерімен экономикалық өзара іс-қимыл саласында.

Дөңгелек үстел аясында Орталық Азиядағы ғылыми ынтымақтастық пен көлік әлеуетінің перспективалары, өңірлік капитал нарығын дамыту жөніндегі бірлескен бастамалар, сондай-ақ трансшекаралық сауда саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен озық зерттеулер мәселелері талқыланды.

Іс-шара экспорттық-импорттық қатынастар бойынша нақты кейстерді талдаумен аяқталды. Қорытынды сессия барысында Орталық Еуразияда трансшекаралық сауданы жақсарту және ұлғайту жөніндегі ұсыныстар әзірленді. Бұл ұсыныстар өңірдегі экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайтудың негізі болуға тиіс.

consultation Кеңес ал!