Қазақстандық ауылшаруашылық техникасы Татарстанға экспортталады
Қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасы Татарстанға жеткізілетін болады. Экспорт туралы келісімге «АгромашХолдинг KZ» АҚ мен Татарстанның «Атехника» ЖШҚ арасында, Қазақстанның «Экспорттық-кредиттік сақтандыру агенттігінің» (ЭКА) қолдауымен қол жеткізілді.
Ынтымақтастық жөніндегі келіссөздер Ресей Федерациясындағы халықаралық «АГРОВОЛГА» агроөнеркәсіптік көрмесі аясында өтті. Көрме барысында ЭКА-ның өңірлік директоры Ренат Калиев әлеуетті импорттаушылармен кездесулер өткізді. Нәтижесінде, ЭКА «АгромашХолдинг KZ» компаниясына шетелдік сатып алушы тауарды кейінге қалдырылған төлеммен алған жағдайда қаржылық міндеттемелерді орындамау тәуекелдерінен сақтандыру қорғанысын ұсынды.
«Атехника» ЖШҚ — Татарстандағы ауылшаруашылық техникасының ірі дистрибьюторы, 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Компания техника, қосалқы бөлшектер сату және сервистік қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, Ресейде кең субдилерлік желіге ие және WEIDEMANN, KRONE, SILOKING, Teagle, Holm&Laue ресми дилері болып табылады.
«Біздің міндетіміз – отандық кәсіпорындардың халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасау. Қазақстандық ауылшаруашылық техникасы көрші елдерде сұранысқа ие, алайда шетелдік серіктестер жиі ірі сатып алуларды қаржыландыруда қиындықтарға тап болады. Біздің сақтандыру шешімдеріміз бұл кедергіні жояды, осылайша барлық тараптар үшін тәуекелсіз экспорттық келісімдер жасасуға мүмкіндік береді», – деді Ренат Калиев.
«Атехника» компаниясы бұл Қазақстандық техниканың соңғы сатып алуы емес екенін атап өтті. Алдағы жылдары компания өз техника паркін едәуір арттыруды жоспарлап отыр.
Анықтама үшін:
«АГРОВОЛГА» – Ресей Федерациясындағы ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі іс-шаралардың бірі. Биылғы жылы көрмеге Қазақстан, Иран, Қытай, Беларусь, Қырғызстан, Түркия және Ресейден келген 380 компания қатысты.
