2013 ж. 11-12 сәуірде Алматы қ. VII «Орталық Азиядағы сақтандыру» халықаралық конференциясы болып өтті
Конференцияның бағдарламасында №3 «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру – сақтандыру нарығына арналған жаңа мүмкіндіктер» секциясында «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Басқарма Төрағасы Е.Т. Садықов «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру: сақтандыру нарығында 10 жыл» тақырыбы бойынша таныстыру- баяндама жасады. Е.Т. Садықов шараның негізгі міндеті «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам компаниясы ұсынып отырған қызметтер жайлы хабардар ету деп түсіндірді және бұл қызмет көрсетулердің экспорттаушылар, банкілер, инвесторлар үшін қызықты болып табылатынын және сақтандыру компаниялары «KazakhExport» Export insurance company» joint-stock companyөнімдерін өзінің қызмет көрсетулер жиынтығына сервис ретінде енгізсе болады деп баса айтты. Конференцияға қатысушылар: Орталық Азияның, Кеден одағының, Кавказдың, Азия және Еуропа елдерінің жетекші сақтандыру, қайта сақтандыру, брокерлік компаниялары.