ЭКА алаңында кепілдік беруді үйлестіру мәселелері талқыланды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ЭКА алаңында кепілдік беруді үйлестіру мәселелері талқыланды

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) несиені сақтандыру кезіндегі кепілдік берудің негізгі жолдарына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еліміздің басты банктері –  Halyk Bank, Altyn Bank, Jusan Bank, Nurbank және Bereke Bank қатысты.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары Айбол Балкин өзінің алғысөзінде ЭКА трансформациясына тоқталып, агенттіктің банктермен жұмыс жүргізудегі ерекшеліктерін атап өтті.

«Біз экспорттық операциялар бойынша кепіл түрлерін бағалау кезінде жан-жақты сараптамаға сүйенеміз. Банктер ЭКА қолдауы арқылы экспорттаушыдан толық кепілді талап етпесе де болады. Бұл жағдайда тәуекелдің бір бөлігін біз өз мойнымызға аламыз.  Оның нәтижесінде экспорттаушылар үшін қаржы тарту жеңілдейді. Оған қоса, тым қауіпті немесе шамадан тыс кепілді ететін ететін мәмілелерді несиелеуге мүмкіндік береді. Тәуекелдер ішінара агенттік жауапкершілігінде болғандықтан, банктер ұзақмерзімге дейін несие бере алады», – деді А.Балкин.

Кездесудің негізгі мақсаты – Агенттіктің екінші деңгейлі банктермен және квазимемлекеттік қаржы ұйымдарымен кепілдікті қамтамасыз ету саласындағы өзара байланысын күшейту.

Дөңгелек үстел барысында мына мәселелер қозғалды:

  • Кепіл жарамдылығы: істі бағалау, оның өтімділігін анықтау, нарықтағы нақты құны.
  • Құқықтық сараптама: меншік құқығының заңдылығы және заңнамалық шектеулер.
  • Мониторинг: кепілді бақылау және есеп жасау.
  • Бағалаушылармен жұмыс: кепілдерді тәуелсіз жағдайда бағалау және оның сапасын арттыру.
  • Суброгация: міндеттеме орындалмаған жағдайдағы кепіл мүлкін беру тәртібі.

Өз кезегінде Агенттіктің басқарушы директоры Анна Лукина ЭКА мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ынтымақтастық ұлттық экспортты қолдаудың негізі екенін атап өтті.

«Ұлттық экспортты қолдау – біздің басты міндетіміз. Біз екінші деңгейлі банктермен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз. ЭКА өз қызметі шеңберінде тәуекелдерді азайтып қана қоймай, қаржыландыру шарттарын жақсартып, отандық бизнесті халықаралық нарыққа шығуға ынталандырады. Бүгінгі кездесу тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ортақ ынтымақтастықта болуы мүмкін сын-қатерлерді анықтауға мүмкіндік берді. Біз үшін серіктестеріміздің ұстанымын білу аса маңызды»,деді А. Лукина.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ЭКА мен банктер арасындағы кепілдерді басқару бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, қарыздарды сақтандыру мен тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыруға бағытталған серіктестіктің жаңа бағыттары айқындалды.

chat Кеңес ал!