Ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері: Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен Growth Fund of Greece қоры арасында кездесу өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері: Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен Growth Fund of Greece қоры арасында кездесу өтті

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі (ЭКА) Грекияның негізгі активтерін басқаратын ірі холдинг — Growth Fund of Greece делегациясымен кездесу өткізді. Іс-шара Грек Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Кездесуде Қазақстан мен Грекия арасындағы сауда-экономикалық айналымды арттыруға бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыға түсті. Қос тарап бірлескен жобаларды жүзеге асыру, экспорттық операцияларды қолдау және стратегиялық салаларға инвестиция тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Жиын қатысушылары іс-шараның екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту жолында маңызды қадам болғанын атап өтті

chat Кеңес ал!