Алматыда ірі халықаралық көрме өтеді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Алматыда ірі халықаралық көрме өтеді

2025 жылдың 23-25 ​​маусымы аралығында «Атакент» көрме орталығында (7-8 павильондар) өзекті және сұранысқа ие салаларды қамтитын үш негізгі халықаралық көрме өтеді: Орталық Азия үй бұйымдары – ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника және тұрмыстық бұйымдар көрмесі. Жетекші өндірушілердің үй өнімдері, ас үй бұйымдары, сыйлықтар және бау-бақша жабдықтары.

Central Asia Home Textile – үй тоқыма бұйымдарының көрмесі. Төсек-орын жабдықтарының, жуыну бөлмесіне, ас үйге арналған тоқыма бұйымдарының, жұмсақ маталар мен кілемдердің кең ассортименті бар.

Central Asia Office & School – кеңсе, мектепке, канцелярия  тауарлары мен ойыншықтарға арналған тауарлар көрмесі. Кеңсе тауарлары мен техникасы, дамыту ойыншықтары және бизнеске арналған тауарлар бар.

Көрмеге  Қазақстан және Ресей, Қытай, Түркия, Үндістан, Беларусь, Корея, Иран елінің компаниялары қатысады, бұл іскерлік байланыстар орнатуға және тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндіктер туғызады

chat Кеңес ал!