Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі ІСІЅА Халықаралық қауымдастығының отырысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі ІСІЅА Халықаралық қауымдастығының отырысына қатысты

"Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ Гуанчжоуда өткен ІСЅА Халықаралық қауымдастығының отырысына қатысты.

Отырыстың негізгі тақырыптары саяси тәуекелдерге шолу, жаһанданудың кредиттік сақтандыруға ықпалы және кепілдік міндеттемелерді қамтамасыз ету болды. Іс-шараға қатысушылар сонымен қатар геосаяси оқиғалардың әсерін ескере отырып, экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандырудағы негізгі үрдістерге қатысты өз болжамдарымен бөлісті.

Кездесу барысында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі ЕО-ның ірі қайта сақтандыру ұйымдары – Hannover Re, Swiss Re ұйымдарымен және Қытайдың Sinosure экспорттық кредиттерді сақтандыру корпорациясымен B2B-кездесулер сериясын өткізді, онда қайта сақтандыру мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, ICISA басшылығымен жеке кездесу өтті.

Айта кету керек, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі 2020 жылдан бастап осы қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып табылады.

 

 

chat Кеңес ал!