"Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Ерсаин Хамитов сайланды
2025 жылғы 26 ақпанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің жалғыз акционері – Басқармасының шешімімен Ерсаин Хамитов "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрады: Ерсаин Хамитов, Тимур Онжанов, Арман Шаққалиев, Аллен Чайжунусов, Айткүл Самақова, Ярослав Дильдяев, Нұржан Әлімұхамбетов.
