Астанада Central Asia Coatings Show халықаралық көрмесі өтеді
2025 жылғы 24 ақпанда Астанада Central Asia Coatings Show халықаралық көрмесі өз жұмысын бастайды, бұл көрме – лак-бояу материалдары мен жабындарын, шикізаттарын, жабдықтарын өндірушілер мен олардың дистрибьюторлары бас қосатын негізгі салалық іс-шара. Көрмеге қазақстандық өндірушілермен қатар 10-нан аса елден, соның ішінде әлемдік лак-бояу өнеркәсібінің көшбасшылары - Қытай, Үндістан, Түркия, Беларусь, Ресей, Германия, Польша, Сингапур, Италиядан 70-тен аса компания қатыспақ.
Көрме ұсынатын мүмкіндіктер қандай?
- Сала бойынша әлемдік көшбасшылардың инновациялық материалдар жөніндегі презентациялары.
- Ұзақ мерзімді, экологиялық таза және тиімді жабын жасауға мүмкіндік беретін жабдықтар мен технологиялар.
- Лак-бояу материалдарын өндірушілер, олардың өнім берушілері мен дистрибьюторлары арасында сенімді серіктестер табу және байланыс желісін кеңейту мүмкіндігі.
- Жетекші мамандар сөз сөйлейтін бизнес-конференцияларға қатысу.
- ЛБМ саласындағы ең өзекті шешімдерге қол жеткізу.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
WhatsApp: +905368106898
E-mail: admincoatingshow@centralasiacoatingshow.com