Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі экспортқа қолдау көрсету үшін сенімді серіктестер іздейді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі экспортқа қолдау көрсету үшін сенімді серіктестер іздейді

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қайта сақтандыру ұйымдарының 54-ші жыл сайынғы халықаралық съезіне қатысты, ол дәстүрге сай Баден-Баденде өткізіледі.

Қайта сақтандырушылар, андеррайтерлер мен брокерлердің 3 мыңнан аса өкілі алда жасалатын келісімшарттарды және қолданыстағы облигаторлық бағдарламаларды келесі жылға ұзарту мәселелерін талқылады.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі сапарының басты мақсаты кредиттік тәуекелдерді қайта сақтандыру және қарыздарды кепілдендіру саласында серіктестік қарым-қатынастар орнату болды.

Атап айтқанда, экспорттық тәуекелдерге маманданған Swiss Re, Hannover Re, SCOR, Liberty Mutual сияқты және саланың басқа да әлемдік көшбасшыларымен кездесулер өткізілді.

Әлеуетті серіктестер ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты және нақты мәмілелерді одан әрі талқылау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

«Біздің басты мақсатымыз – қазақстандық экспортшылардың халықаралық нарықтарға батыл шығуы үшін оларға сенімді сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету. Біз коммерциялық тәуекелдерді, саяси тәуекелдерді, төлем жасамау тәуекелдерін және т.б. қоса алғанда, кешенді сақтандыру өтемін қамтамасыз етеміз. Бұл клиенттеріміздің форс-мажорлық жағдайларда қаржы шығындарын барынша азайтып, өз бизнесін дамытуға баса назар аударуына мүмкіндік береді», - деп көрсетті «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Қайта сақтандыру департаментінің директоры Азамат Жұмабеков.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің ағымдағы портфелі 514,1 млрд теңгені құрайды. Қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсетуді кеңейту үшін Агенттік бұл портфельдің төрттен бір бөлігін қайта сақтандыруды жоспарлап отыр.

Анықтама үшін:
Баден-Бадендегі кездесу – қайта сақтандыру күнтізбесіндегі шешуші оқиғалардың бірі, оған әлемнің түкпір-түкпірінен қайта сақтандыру майталмандары жиналады. Іс-шара цеденттердің, брокерлер мен қайта сақтандырушылардың ірі ұзартулар маусымы басталғанға дейін қайта сақтандыру шарттарын ұзарту мәселелерін талқылау үшін бас қосуларына мүмкіндік береді.

chat Кеңес ал!