Астанада экспортқа қаржы тарту мәселелері талқыланды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Астанада экспортқа қаржы тарту мәселелері талқыланды

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ экспортқа қаржы тарту мәселелеріне арналған семинарға қатысты. Іс-шара Астанада «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, ODDO BHF франко-неміс банкі және Австрияның экспорттық-кредиттік агенттігі ұйымдастыруымен өтті.

Семинарда экспорттық қаржыландыру тетіктері, геосаяси тұрақсыздық кезеңіндегі жаһандық сауда мәселелері талқыланды. Кейс ретінде нақты іске асырылған жобалар қарастырылды.

Іс-шараның ашылу рәсімде сөз сөйлеген Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары Мадина Ержанова Агенттіктің дамуы және халықаралық әріптестермен ынтымақтастық жолдары туралы айтып берді.

«Еуропалық одақ, атап айтқанда, Германия мен Австрия біз үшін негізгі әрі маңызды нарық. Біздің сақтандыру портфеліміздің төрттен бір бөлігі еуропалық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Былтыр қазақстандық экспорттаушылар біздің қолдауымызбен 280 миллион еуро сомасына еуропалық компаниялармен келісімшарттар жасасты, оның 30 пайызы Германияға нарығын қамтиды. Біз инвесторлар мен шетел капиталы бар отандық экспорттаушыларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді М.Ержанова.

Семинарды қортындылай келе, қатысушылар мұндай іс-шаралар Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту жолында шешуші роль атқаратынын атап өтті. Халықаралық сарапшылармен алмасқан тәжірибе қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспорт географиясын кеңейтіп қана қоймай, олардың жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Германия канцлері Олаф Шольцтың қыркүйекте Астанаға ресми сапары аясында «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Германияның жетекші қаржы институттары – Deutche Bank және Helaba Bank-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған болатын. Құжат заманауи неміс жабдықтары мен технологияларын сатып алуға мүмкіндік беретін экспорттық несиелеу және сауданы қаржыландыру үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді.

chat Кеңес ал!