«Бизнес және дипломатия» дөңгелек үстелі: Экспорттық-кредиттік агенттік қазақстандық өнім экспортын дамыту жолдарын талқылады
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауына арналған «Бизнес және дипломатия» дөңгелек үстеліне қатысты.
Іс-шараны Екатеринбургтегі Қазақстанның Бас консулдығы және Ресей әйелдер одағының Свердлов аймақтық бөлімшесі ұйымдастырды. Жиынға Орал федералды округі мен Пермь өлкесінің шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
ҚР Бас консулы Жарас Мамытбеков өз сөзінде еліміздің инвестициялық ахуалды жақсарту және орта тапты нығайту үшін қабылдаған шараларына егжей-тегжей тоқталды. Ол экономиканы қайта құрылымдау азаматтардың табысын арттыру мен теңсіздікті азайтуға бағытталғанын атап өтті.
Өз кезегінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің өңірлік директоры Александр Цыганков мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып беріп, шикізаттық емес секторды дамыту және инвестициялық преференциялар беру тақырыбына жеке тоқталды.
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қолданыстағы қолдау құралдарын үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Біз — Орталық Азиядағы алғашқы және классикалық экспорттық-кредиттік агенттікпіз. Отандық экспорттаушыларға ғана емес, шетелдік сатып алушыларға да көмек көрсетеміз. Біз бұл шаралар үшін қажет барлық мүмкіндікке иеміз»,—деді ол.
Іс-шара барысында нақты жобалар талқыланған бірқатар кездесу өтті. Қатысушылар қазақстандық нарықтың оң серпінде дамып жатқанын атап өтіп, іскерлік байланысты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.