Онлайн-семинар: сарапшылар кәсіпкерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Онлайн-семинар: сарапшылар кәсіпкерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берді

 «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ ұйымдастырған онлайн-семинарға 1200-ден астам кәсіпкер қатысты. 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаланы қамтыған іс-шарада халықаралық нарыққа шығу страгетиялары талқыланды.

Семинарға қатысушылар бизнеске арналған қаржыландыру бағдарламалары, экспорттық мәмілелер кезінде тәуекелдерді азайту тәсілдері, шетелдік серіктестердің сенімді екенін тексеру, өндірістік шығындарды өтеу мен тауар белгілерін тіркеу туралы толық ақпарат алды.

Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Qazpatent» ҰЗМИ РМК және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ салалық сарапшылары жұмылдырылды.

«Өкінішке қарай, көптеген кәсіпкер мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттан бейхабар»,— деп атап өтті Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің бизнес-тренері Шарбану Байқошқарова. «Әдетте олар толық мәліметті біздің семинарда біліп жатады. Қатысушылар қоятын ең өзекті сұрақтар - шетелдік сатып алушыларды іздеу мен айналым қаражатын толықтыру. Біз семинардың форматы мен мазмұнын бизнеске барынша пайдалы болатындай етіп үнемі жетілдіріп отырамыз».

Айта кетейік, онлайн-семинарларға қатысу тегін.  Іс-шараның кестесі мен тіркеу туралы ақпарат «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ ресми парақшаларында жарияланады.

chat Кеңес ал!