Мадина Ержанова «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2024 жылғы 26 қыркүйектен бастап Басқарма төрағасының орынбасары болып Мадина Ержанова сайланды.
Мадина Ержанова сақтандыру және кепілдік беру, кредиттік талдау, сондай-ақ сауданы қаржыландыру және субсидиялау жұмыстары бойынша жетекші болады.
Ол еңбек жолын 2011 жылы бастады. Әр жылдары «АТФБанк» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ұжымдарында жұмыс істеді, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымында 7 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, онда қаржы, стратегия және корпоративтік даму секторларында қызмет етті.