Сергей Куклин «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Директорлар кеңесінің шешімімен 2024 жылғы 19 қыркүйектен бастап Басқарма төрағасының орынбасары болып Сергей Куклин сайланды.
Сергей Куклин экономикалық жоспарлау, бухгалтерлік есеп және қазынашылық жұмысы бойынша жетекші болады.
Сергей Куклин еңбек жолын 2005 жылы «TEXABANK» АҚ Несиелеу секторында бастады. 2006-2024 жылдар аралығында «Астана-Жылжымайтын мүлік» АҚ, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» АҚ ұжымдарында түрлі қызмет атқарды, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеді.