«Казахстанская правда» газетінің сауалдарына «KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Еркін Садықов жауап беруде | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Казахстанская правда» газетінің сауалдарына «KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Еркін Садықов жауап беруде

«Жаңғырту мен даму жолымен»

Қазақстанның сақтандыру нарығы қандай қалыптасу кезеңін бастан кешіруде? Ұзақмерзімді мақсат – Орталық Азиядағы сыртқы экономикалық қызметтің басты ойыншысына айналу мақсатын ақиқатқа қалай айналдыруға болады? Осы және өзге де сауалдарға «KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Еркін САДЫҚОВ жауап беруде.

– Еркін Тоқмұхамедұлы, «Каз¬ЭкспортГарант»-тың қазіргі кездегі стратегиясының мәні неде?
– Біздің мақсатымыз – өзіміз орын алып отырған нарықтардың барлығында ең үздік сақтандыру компаниясына айналу. Және, әлбетте, акционер мен клиенттердің талаптарына сай болу. Бұл жерде біз қызметіміздің маңызды құраушысына келіп отырмыз. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында Президентіміз экономикалық саясаттың басты постулаттарын – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизмді көрсетіп кетті. Жаңа бағыттың төрт құраушысының арасында экспортты мемлекеттік ынталандыру. Көрсетілген парадигма аясында компанияның стратегиялық мақсаттары қазақстандық кәсіпорындарды олар шетел нарығында жұмыс істеген кезде қолдауға бағытталған. Біз экспорттаушылар үшін сенімді, тұрақты және сонымен қатар барлығын қамтитын серіктеске айналу үшін барлығын жасаудамыз.

Даму институты ретінде (қазіргі кезде дара акционеріміз ретінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі шығуда, ал 2013 жылдың маусымына дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ болды) біз шикізаттық емес секторындағы экспорттаушы-кәсіпорындарға шетел нарықтарына шығумен сыртқы сауда операцияларын жүргізу кезіндегі төленбеу тәуекелінен сақтандырумен қорғауды ұсынамыз және экспорттық мәмілелердің қауіпсіздігіне кепілдік береміз. Компания мемлекеттің шикізаттық бағыттан бет бұруына және экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуда көмек көрсетуге арналған.

– Сақтандыру нарығын қалай деп бағалайсыз?
– Қызықты, серпінді түрде дамып келе жатыр. ЕДБ-мен не басқарушы компаниялармен салыстырғанда сақтандыру компанияларының нарықтық әлеуеті едәуір жоғары. Сақтандырудың бизнес-үлгілерін құру тұрғысынан алғанда бұл сегментте жұмыс істеу барған сайын күрделі және қызықты бола түсуде.

Биыл компаниямыздың қызмет ете бастағанына 10 жыл толды. Сол жылдар бойы біз экспорттаушыларымыздың сыртқы экономикалық мәмілелерді жүргізу кезіндегі оларды коммерциялық және саяси тәуекелдерді сақтандырудың классикалық түрлерінің бағдарламаларын кеңейтіп отырдық. Алайда дәстүр бойынша сауда-саттық қаржыландыру бағдарламасына қолдау көрген жобалардың жалпы сомасының 70%-ына дейін тиесілі.

Бұл өнімге деген сұраныс «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қолдауы шетелдік сатып алушыларға қазақстандық өнімдерді салыстырмалы түрде қымбат болмайтын пайыздық ставкалар бойынша төлемін кейінге шегерумен сатып алып отыруға мүмкіндік беретінімен негізделген. Осылайша, бұл өнім өңдеу секторының қазақстандық өнімдеріне деген сұраныстың қалыптасуының тиімді факторы болып табылады. МҮИИДБ шеңберінде бұл бағдарламаға арнап бізге республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді, бұл ақша толығымен игерілді. «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қолдаудың осы түріне деген қазақстандық өнім сатып алушылардың артып келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін меншікті қаражатынан тағы 1,5 млрд. теңге қосты. Айта кеткіміз келетіні, осы қаражаттарды револьверлік қолданудың арқасында қолданылған сыртқы экономикалық келісімшарттардың сомасы жыл сайын 2-3 есе артық болып отырды.

Сақтандыру мәдениет жақсарып, сақтандыру аспаптарына деген сенімділік көзқарас артып және экономикалық сауаттылық артқан сайын компанияның маңыздылығы да арта түспек. Оған қоса, 2015 жылға қарсы шикізаттық емес секторының көлемі қазақстандық экспорттың барлық көлемінің 40%-ын құруы тиіс. Бұл МҮИИДБ басты және нысаналы көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан қазір де, алдағы уақытта да атқаратын жұмыс көп.

– Экспорттың географиясы қаншалықты ауқымды?
– Біз сақтандырған келісімшарттардың басым бөлігі жақын шетелдердегі импорттаушылармен жасалған. Сақтандыру қоржынында ең үлкен меншікті салмаққа ие болып отырған елдер: Ресей – 20,55%, ЕО елдері – 15,81%, Тәжікстан – 11,27%, Қырғызстан – 8,74%, БАӘ – 6,83%, Моңғолия – 5,78% және Өзбекстан – 4,82%. Біз Түрікменстандағы, Түркия мен Ирандағы инвестицияларды сақтандырдық.

– Сіз Қырғызстанды атадыңыз. Ал бұл елдегі төңкерістен іскерлеріміз зардар шекпеді ме екен?
– Сіздер ол елдегі төңкерістік оқиғалардың нәтижесінде бірқатар отандық инвесторларымыз ондағы активтерінен айырылғанын менен кем білмейсіздер. Егер олар өз инвестицияларын «KazakhExport»-та сақтандырған болса, біз олардың шығындарын өтеп берген болар едік.

– Ал Африкада да бармыз ба?
– Африка мен Латын Америка – біз үшін қашық «ендіктер». Бұл құрлықтарға, сондай-ақ Жуыр-Шығыс елдеріне бірнеше өтінімдер бар. Біз барлық ұсыныстарды мұқият қарастырып отырамыз.

– Экспорт құрылымының иерархиясын құрып көрейік. Сіздерге дейін жұмыс істеген сақтандырушы компаниялар тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылық өнімдеріне басты көңіл бөліп отырды. Бүгінде не өзгерді?

– Шынымен де, экспорт құрылымының шамамен 29,02%-ын ауылшаруашылық тауарлары, 25,87% – тамақ өнімдері құрауда. Ал одан әрі металл бұйымдары не болмаса металл илемі – 3,21%, құрылыс материалдары – 0,95%, целлюлоза-қағаз өнімдері – 0,9%…кетеді. Бұл біздің барлық қызмет еткен уақытымыз бойынша мәліметтер. Көріп отырғанымыздай, өнімдеріміз сан-алуан түрлі болып келеді, және біз «экспорттық желімізді» кеңейту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаудамыз.

Экспорттың көш басшылары жайлы айтар болсақ, онда ең алдымен ұн жайлы айтқан дұрыс. Қазақстан – бұл жерде ең ірі әлемдік ойынщы, бұл қоржынымыздағы сақтандыру операцияларының үлесіне де әсерін тигізуде. Біздің белсенді клиенттеріміздің бірі өнімін экспортқа жіберетін кондитерлік фабрикалар. Бұрында бұл алдын-ала төлем шарттарымен жүргізіліп отырған. Біз «әріптес» ретінде шыққан сәттен бастап жаңа сату нарықтары ғана емес, сондай-ақ жаңа сатып алушылар пайда болды.

Біз машина жасау кешені, химия өнеркәсібі, құрылыс саласындағы кәсіпорындарды, сонымен бірге автокөлік және темір жолдарын салудан бастап аса күрделі көпірлердің құрылысына дейін белсенді түрде өзіміздің қызығушылықтар саламызға тартудамыз.

Шикізаттық емес секторындағы экспорттаушыларды қолдау бойынша көрсетіліп отырған қызмет түрлерін кеңейту, компанияның алдына қойылған жаңа міндеттер ребрендинг жүргізудің қажеттігін көрсетті. Мысалы, 2010 жылы «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ «KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ ретінде қайта құрылды. Логотиптің жаңа графикалық символы – үш тікбұрыш пайда болды. Оның ең үлкені – көгілдір түстісі Қазақстанды білдіреді, одан кішірек сұр түсті тікбұрыш – кепілдіктер, ал сарғылт қызыл түсті тікбұрыш – экспорт. Логотипіміздің басты мағынасы – Қолдау, Тұрақтылық, Біртұтастық.

– Қандай келісімшарттарды мақтан етесіз?
– Ирандағы астық сақтау терминал. Ол салынып қойған, сөйтіп ендігі уақытта біздің кәсіпкерлер Иран айлақтарынан астықты сақтауға арнап орын іздемей, тікелей өзінің терминалына жүгінетін болды. Жоспарда Түркия, Әзірбайжан және өзге елдердегі инвестициялық жобалар бар.

– Сіз бірде-бір рет Қытайды атамадыңыз. Біз ұлы көршімізге шикізаттан басқа нені ұсына аламыз?
– Мотор майларының өндірушілері Қытайдан өз тауашасын тапты. Оған баға мен сапа арақатысы себепкер болды.

– Қызықты мысалдар бар ма?
– Бір компания, атын атамай-ақ қояйық, бізге көмек сұрап келген болатын – ол африкалық елдердің біріне салқындатқыш сусындарды экспорттауға шешіп қабылдапты. Біз оған аса абайлықпен қараудамыз …

– Біз барлығымыз қателіктерден, әсіресе өз қателіктерімізден сабақ аламыз. Ал сіз қандай келісімшарттан сабақ алдыңыз?

– Біз тәуекелдерді күн сайын, жыл сайын сақтандырып отырамыз. Және де сақтандыру жағдайлары да орын алып отырады – Тәжікстан, Италия,

Ресей бойынша сақтандыру жағдайлары болып отырды … Залалды өтеуге тура келіп отырды.

Қазір біз өзіне сәйкес 45 миллион доллардың сақтандыру өтемін беруге тиіс болатын бір келісімшартпен жұмыс істеп жатырмыз. Сол себептен менеджмент, қайта сақтандыру оқулығын қолыма алдым… Барлығы халықаралық практика стандарттарына сай болып отыруы тиіс. Тәуекелдердің бір бөлігін ірі сақтандыру компанияларымен, соның ішінде халықаралық компаниялармен бөлісетін боламыз.

– Егер машина жасау саласын алатын болсақ, мұндағы соңғы фишка – қазақстандық локомотивтер, оларға шетелде үлкен сұраныс туындады. Мұндағы «KazakhExport»-тың атқарып отырған рөлі негізгі ме?

–2012 жылы Қазақстан тарихында алғашқы рет теміржол машина жасау өнімдерінің экспорты жүзеге асырылды. «Локомотивкұрастырузауыты» АҚ шығарған локомотивтердің экспортын қолдау мақсатында компания 10 жыл мерзімге 6 миллиард теңге көлемінде бюджеттік займ алды. Займның нысаналы мақсаты Тәжікстан темір жолдары ретінде сатып алушыға саудалық қаржыландыруды ұсыну, және соған сәйкес, осы жағдайда туындап отыратын коммерциялық және саяси себептермен қайтарылмау тәуекелдерін сақтандыру болатын. Бұл механизмді ұлттық тауар өндірушіні қолдаумен көптеген шетелдік экспорт-кредиттік агенттіктер қолдануда.

Компания бұл мәміледе «Темір банк» АҚ көмегімен басты рөлді атқарды, аталмыш банк тиеп жіберу құжаттарын ұсыну фактісі бойынша біздің экспорттаушымыздың шотына саудалық қаржыландыру арқылы экспорттық түсімді аударды. Алайда, ең маңыздысы – біздің локомотивтер осымен бір жылдан бері пайдалануда жүр және өзін жақсы жағынан көрсетті. Соған орай Тәжікстан тарапы өз есебінен теміржол көлігінің екі бірлігін сатып алуда. Өнімдерді сертификаттаудан кейін біз Беларусь, Өзбекстаннан тапсырыстар алдық.

ТМД мен көршілес елдердің нарықтарында Еврокоптердің ең заманауи техникасы сұранысқа ие болуда. Біз олармен жұмыс істей бастадық. Біз сондай-ақ металл өндірушілер нарығында да мол табысқа қол жеткіземіз деген ойдамыз.

– Компания талдау базасына ие, ол сізге келешектегі шетелдік серіктесіңіздің сенімділігі мен қауқарлығын дәл анықтап отыруға мүмкіндік береді? Сіздер қазақстандық өндірушілерді күмәнді әлемдік нарықтарға шығудан алдын-ала ескертесіз бе? Және, компанияның мәліметтер қорында қазақстандық капиталға қызығып жүрген былайша айтқанда «біреудің есебінен күн көрушілердің» тізімдері бар ма?

– Түрлі мәліметтер қоры бар. Біз сан-алуан түрлі тәуекелдерді бағалап отырамыз. Оған қоса қазақстандық компаниялар өзіне енуді көздеп жүрген не болмаса жұмыс істеп жатқан жерлердегі серіктестеріміздің қолда бар ақпаратын пайдаланамыз. Біз серіктестеріміздің контрагенттерін талдаудан өткіземіз. Өңірдің өзін бағалаймыз.

– Астық, конфет, гипсокартон… Соңынан – локомотивтер, автомобильдер, ұшақтар… Өнеркәсібіміз қарқын алып дамып келеді, сөйтіп бүгін-ертең сіздердің қызметіңіз қажет болып қалуы мүмкін. Сіздерге қандай кәсіпорындар, салалар келуге дайындалуда және сіздер оларды қабылдауға дайынсыздар ма?
– Бүгінде олар бізге емес, қайта керісінше біз оларға осындай N елінде сіздің өнімдеріңізді сатып алушылар бар деп ұсыныс жасаймыз. Біз оларға сол елдің банкілерімен барлық механизмдерді қарастырып шықтық – қорықпай ене беруіңізге болады дейміз.

– Сақтандыру бизнесіне арналған заңнамалық база қаншалықты мінсіз?
– Тұтастай алғанда, ия. Алайда біздің нарығымыз қарқынды түрде дамып келеді, және стратегиялық міндеттерді орындау үшін әлбетте заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет.

– Экспорттық нарықтың қатысушыларына арнап компания қандай жаңа бағдарламаларды не шарттарды әзірлеуде?
– Қазіргі кезде біз кәсіпорындарды экспоортқа дейін және экспорттан кейін қолдауға арналған жаңа өнімдермен жұмыс істеудеміз.
Компания жоғары қаржылық тұрақтылыққа ие компанияның мәртебесін сақтап келеді. Цифрларға жүгінсек болғаны. Компанияның жарғылық капиталы ағымдағы жылдың ортасына қатысты 10,9 миллиард теңгені (72,9 миллион АҚШ долларын), меншікті капиталы 12,9 миллиард теңгені (86,2 миллион АҚШ долларын) құрады. «KazakhExport» өзінің он жылдық тарихында 400 астам кәсіпорынға қолдау көрсетіп және 1 миллиард 100 миллион доллардан артық келісімшартты сақтандыру өтемімен қамтамасыз етті. Саудалық қаржыландыру бағдарламасы бойынша сомасы 5 миллиард теңге көлемінде 122 кәсіпорынға қолдау көрсетілді.

Компания елдегі сақтандыру ұйымдарының арасында алғашқы болып Moody’s Investors Service рейтингілік агенттігінің «Baа1» қаржылық сенімділік рейтингісіне ие болды – рейтинг бойынша болжам «тұрақты». 2009 жылы сақтандыру тәуекелінің азаюына орай Moody’s агенттігі «Ваа2» рейтингісін берді, болжам «тұрақты» және 2013 жылдың қыркүйек айында осы рейтинг расталды.

– 2012 жылы Прага клубының көктемгі сессиясы тұңғыш рет Қазақстанда болып өтті. Бұл біздің сақтандыру агенттігіміздің халықаралық беделінің мойындалуы деген сөз?
– «KazakhExport» әлемнің әртүрлі елдерінің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің қауымдастығы - Бернс одағы Прага клубының мүшесі болып табылады. Біз 21 экспорт-кредиттік агенттікпен және жетекші қазақстандық банкілермен серіктестік қатынастар орнаттық. Біз ұйымдық-нормативтік құжаттармен алмасып отырамыз, «шығармашылық тәжірибемізбен» бөлісіп отырамыз.
Прага клубының отырысына келер болсақ, ол біздің шетелдік әріптестеріміз – ЭКА-лардың Қазақстанға – жас және серпінді дамып келе жатқан мемлекетке, сондай-ақ компанияға деген үлкен қызығушылығымен негізделген. Клуб отырысына әлемнің 33 экспорт-кредиттік агенттігі мен 60 астам сарапшысы және Халықаралық қаржы компаниясы (IFC) қатысты. Үшкүндік конференция барысында қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылады. Олардың арасында – әлемдік қаржы дағдарысынан кейін болған негізгі оқиғалар мен бизнес-тренділер, еуроаймақтағы борыштыұ дағдарыс және оның тәуекелдерге баға беруге басқаша көзқарас қалыптыстыруға тигізетін ықпалы және өзге де мәселелер. Біздің ойымызша бұл компанияның бүкіл ұжымының арқасы.

Сұхбатымды аяқтай келе, Қазақстанның сақтандыру саласы серпінді дамудың деңгейіне шыққанын, ал сақтандыру бизнесінің жаңа аймақтарды игеріп келе жатқанын баса айта кеткім келеді. Экономика өсіп-өркендеп және коммерциялық қызмет дамыған сайын сақтандыру өнімдеріне деген сұраныс туындауда. Жән дәл осы «Каз¬ЭкспортГарант» жетекші рөлге ие болуы мүмкін және ие болуы тиіс.

Вячеслав ТИТЕНЕВ 

chat Кеңес ал!