Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Абай күнін атап өтті
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қазақ халқының ұлы ақыны, шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай әлемі» атты кешке қатысты. Іс-шараны «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырды.
Рухани кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, опера әншісі Сүндет Байғожин, халықаралық конкурстардың лауреаты, опера әншісі Асхат Бөлебай шақыртылды. Одан бөлек, іс-шара барысында Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов қазақ тілі мен әдебиетіндегі Абай туындыларының маңызына тоқталды.
Жиын соңында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметкері Сәния Құрманованың 3-ші сыныпта оқитын қызы Айсана Әбдікәрім Абай қара сөздерін оқып, ақын рухына тағзым етті.
Айта кетейік, 10 тамыз – Абай күні «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ақын мұрасын ұлықтау мақсатында челлендж ұйымдастырған еді.