Онлайн-семинарлар кестесі: Бизнесті дамыту үшін қалай қолдау табуға болады? | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Онлайн-семинарлар кестесі: Бизнесті дамыту үшін қалай қолдау табуға болады?

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ «QazTrade» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «Qazpatent» ҰЗМИ РМК және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен кәсіпкерлерді тегін онлайн-семинарға шақырады. Бағдарлама мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүзеге асып отыр.

Семинар бағдарламасы:

  • ҚР кәсіпкерлері үшін қарастырылған өзекті қаржыландыру бағдарламалары.
  • Кепіл тапшылығы кезінде не істеу керек?
  • Экспорттық келісімшарт алдындағы қауіп-қатерді қалай азайтуға болады?
  • Сауда белгісін қалай тіркеуге болады?
  • Шетелдік сатып алушыны қалай табуға болады?
  • Өндірістік шығындарды жартылай өтеу мүмкіндіктері.
  • Тегін консультацияны қайдан алуға болады және т.б. сұрақтар.

Семинарға қатысу тегін.  Оқуға тек тіркелген қатысушылар ғана қатыса алады. Мына сілтеме арқылы тіркеле аласыздар: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_bhnYZe-lO_6m61eWdSJOG5xLATc5RpzlCMWVZiIZu8aiqw/viewform

Семинар кестесі (сағат 11:00-де):

  • 30 шілде – Павлодар облысы;
  • 6 тамыз – Солтүстік Қазақстан облысы;
  • 13 тамыз – Түркістан облысы;
  • 20 тамыз – Абай облысы;
  • 27 тамыз - Атырау облысы;
  • 3 қыркүйек - Ақтөбе облысы;
  • 10 қыркүйек – Жетісу облысы;
  • 17 қыркүйек – Ұлытау облысы
  • 24 қыркүйек - Батыс Қазақстан облысы.

Семинар бағдарламасы аймаққа байланысты екенін ескертеміз, кәсіпорынның орналасқан жеріне сәйкес семинар аймағын таңдауды ұсынамыз.

Оқыту сілтемесі (ZOOM) тіркелген қатысушыларға семинардан бір күн бұрын e-mail және жеке нөміріне (WhatsApp) жіберіледі.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкерлерге арналған семинар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, ШҚО және Алматы облыстарын қамтыды.

 

chat Кеңес ал!