Шешен Республикасының сауда желілері қазақстандық өнімге қызығушылық танытты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Шешен Республикасының сауда желілері қазақстандық өнімге қызығушылық танытты

15-17 шілде аралығында Грозныйда Кавказ инвестициялық форумы өтті. Форумға Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің Татарстан Республикасындағы арнайы өкілі Ренат Қалиев қатысты.

Биылғы Кавказ инвестициялық форумының тақырыбы –  «Алып Кавказ: теңізден теңізге дейін». Форумның негізгі бағыты өңірлік экономиканың негізгі салалары –  инфрақұрылым мен агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау және логистикаға бағытталды.

Форум өз өнімдерін экспорттау үшін жаңа нарық іздеп, серіктестік орнатуға мүдделі әр түрлі елдің бизнес-қауымдастығы үшін үлкен алаңға айналды.

Мұндай іс-шара алғаш рет өңірде 2023 жылы өткізілді. Ол кезде көрме кәсіпкерлер, сарапшылар мен Солтүстік Кавказ федералды округі субъектілері басшылары үшін ғана ұйымдастырылып жүрді. Енді форум қатысушылар санын арттырып, географиясын кеңейтіп, ірі форумға айналды.

Іс-шара аясында билік пен бизнес өкілдері аймақаралық өзара іс-қимылды және оның қос тарап үшін жалпы экономикалық өсім әсерін талқылады.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің Татарстан Республикасындағы арнайы өкілі Ренат Қалиев форум барысында Қазақстан Республикасы Сауда және индустрия министрлігінің сұрау салуы бойынша Шешен Республикасының Үкіметі ұйымдастырған бірқатар маңызды кездесуге қатысты. Бірқатар кездесу Шешен Республикасы Экономикалық, аумақтық даму және сауда министрінің орынбасары Асламбек Меджидовпен және Шешен Республикасы Өнеркәсіп және энергетика министрінің бірінші орынбасары Расул Бухаримен өтті. Онда екіжақты сауданы нығайту мен дамытудың нақты шарттар талқыға түсті. Сонымен қатар Р.Қалиев өз сөзінде компания ұсынатын қолдау шаралары туралы айтып, бизнес өкілдеріне Қазақстанның экспорттық әлеуетін көрсетіп, Ресей Федерациясымен, атап айтқанда Татарстанмен және Башқұртстанмен ынтымақтастықтың негізі кейстерін бөлісті.

Екіжақты кездесу соңында Шешен Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Юсуп Чуликов Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің қолдауы аясыда қазақстандық кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатуға, сондай-ақ нақты келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді.

chat Кеңес ал!